- АҚШ – 8,13 мың тонна (алтын-валюта қорының жалпы көлеміндегі бағалы металдың үлесі 72,4%);
- Германия – 3,35 мың тонна (алтын мен шетелдік қордағы алтынның үлесі – 71,5%);
- Италия – 2,45 мың тонна (алтын үлесі – 68,3%);
- Франция – 2,44 мың тонна (алтын үлесі – 69,9%);
- Ресей – 2,34 мың тонна (алтын үлесі – 29,5%);
- Қытай – 2,26 мың тонна (алтын үлесі – 4,9%);
- Швейцария – 1,04 мың тонна (алтын үлесі – 8,8%);
- Жапония – 0,85 мың тонна (алтын үлесі – 5,15%);
- Үндістан – 0,84 мың тонна (алтын үлесі – 9,6%);
- Нидерланды – 0,61 мың тонна (алтын үлесі – 61,6%).
Алғашқы ондықта жоқ: Қазақстанның алтын қоры 151 тоннаға жетті
Әлемде алтын қорының көлемі бойынша АҚШ алғашқы орынға шықты. Қазақстан 2013 жылдан 2023 жылға дейін алтын қорын толықтыру бойынша әлемде жетінші орынға шықса да, алтын көлемі бойынша ондыққа енбеген. Ұлттық банктің алтын қоры 151 тоннаға өсті. Ал Ресей 1298 тоннамен көш ба

Әлемде алтын қорының көлемі бойынша АҚШ алғашқы орынға шықты. Қазақстан 2013 жылдан 2023 жылға дейін алтын қорын толықтыру бойынша әлемде жетінші орынға шықса да, алтын көлемі бойынша ондыққа енбеген.
Ұлттық банктің алтын қоры 151 тоннаға өсті. Ал Ресей 1298 тоннамен көш бастап тұр. Бұл ретте Қазақстан ең көп алтын қоры бар елдердің ондығына кірген жоқ
Алтын қорының 10 жылдағы өсімі бойынша екінші орынды Қытай (1181 тонна), үшінші орынды Түркия (424 тонна) иеленді. Одан кейінгі орындарға сәйкесінше 256, 246 және 154 тоннамен Польша, Үндістан және Өзбекстан жайғасты. Алғашқы ондықтағы соңғы орындарды Сингапур (103 тонна), Ирак (100 тонна) және Тайланд (92 тонна) иеленді.
Дүниежүзілік алтын кеңесінің, орталық банктердің, Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) және АҚШ-тың Федералдық резервтік жүйесінің мәліметінше, қазір алтынға деген сұраныс бұрынғыдан да күшті. Мұны 2023 жылы 1037 тоннаны құраған дүниежүзілік сатып алулардан байқауға болады. Бұл жалпы көлемі 1082 тонна болған 2022 жылғы рекордтық көрсеткіштен кейінгі екінші нәтиже болды.
2024 жылдың тамыз айындағы жағдай бойынша әлемдегі ең көп алтын қоры бар он ел анықталды:
Похожие материалы

Экономика
АҚШ-Иран тіресі: әлемде мұнай бағасы тағы қымбаттады
Айдар Керім·

Экономика
Алматы-Варшава: Открывается прямой авиарейс в Европу
Todayinfo редакциясы·

Экономика
Alstom строит депо для электровозов в Арыси: инвестиции в 50 млн евро
Todayinfo редакциясы·

Экономика
В Кызылорде заложен фундамент стекольного завода: инвестиции в 60 млрд тенге
Todayinfo редакциясы·