Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

Қазақстанның батысынан тағы бір дрон табылды: белгісіз аппараттар қайдан келеді?

Фото: Курсив Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауданынан тағы бір белгісіз дрон табылды. Бұл туралы облыстық полиция департаменті ресми түрде растады, деп хабарлайды  Todayinfo. 26 наурызда елді мекендерден алыс аумақта табылған бұл аппараттың нақты қандай мақсатта қолданылғ

Автор Айғаным Нариманова··2 мин чтения
Қазақстанның батысынан тағы бір дрон табылды: белгісіз аппараттар қайдан келеді?
Фото: Курсив Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауданынан тағы бір белгісіз дрон табылды. Бұл туралы облыстық полиция департаменті ресми түрде растады, деп хабарлайды Todayinfo. 26 наурызда елді мекендерден алыс аумақта табылған бұл аппараттың нақты қандай мақсатта қолданылғаны, кімге тиесілі екені белгісіз. БҚО полиция департаменті уәкілетті органдармен бірлесіп, дрон бөлшектеріне ұқсас заттарға тексеру жүргізіп жатқанын мәлімдеді. БҚО-да белгісіз дрондар неге жиі табылып жатыр? Бұл Қазақстанның батыс аймағында биыл тіркелген төртінші оқиға. 18 ақпанда Бөкей ордасы ауданы, Ұялы ауылы маңына пилотсыз ұшу аппараты құлады. 18 наурызда Атамекен ауылының тұрғындары Тасқала ауданы аумағынан тағы бір дронның құлағанын хабарлады. Бұл аппараттың ұзындығы 3 метр болған. 24 наурызда Жәнібек ауданында дрон бөлшектеріне ұқсас заттар табылды. 26 наурызда Жәнібек ауданынан тағы бір белгісіз дрон анықталды. Осы оқиғалар Қазақстан қоғамында көптеген сұрақтар тудырып отыр: ✅ Бұл дрондар кімге тиесілі? ✅ Олар Қазақстан аумағына қалай және қайдан келеді? ✅ Құзырлы органдардың тексеру нәтижелері неге жарияланбай жатыр? Батыс Қазақстан облысы Ресеймен шектеседі, сондықтан кейбір сарапшылар бұл дрондар көрші елдерден ұшырылуы мүмкін деген болжам айтады. Дегенмен ресми органдар әзірге нақты ақпарат бермей отыр.          

Похожие материалы

Қазақстанның батысынан тағы бір дрон табылды: белгісіз аппараттар қайдан келеді? · Todayinfo