Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

Қазақстанның жаңа елшілері тағайындалды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа елшілерді тағайындады, - деп хабарлайды Todayinfo Ақордаға сілтеме жасап. Асқар Жеңісұлы Жеңіс Қазақстан Республикасының Мысыр Араб Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды; Дәулет Қасекенұлы Батырашев Қазақстан Рес

Автор Жаннұр Еділбаева··1 мин чтения
Қазақстанның жаңа елшілері тағайындалды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа елшілерді тағайындады, - деп хабарлайды Todayinfo Ақордаға сілтеме жасап. Асқар Жеңісұлы Жеңіс Қазақстан Республикасының Мысыр Араб Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды; Дәулет Қасекенұлы Батырашев Қазақстан Республикасының Хорватия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Португалия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды; Жан Сержанұлы Ғалиев Қазақстан Республикасының Португалия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды; Қазақстан Республикасының Иордан Хашимит Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі Талғат Рахымқұлұлы Шалданбай Қазақстан Республикасының Ирак Республикасындағы, Палестина Мемлекетіндегі төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды. Фото: akorda.kz

Похожие материалы

Қазақстанның жаңа елшілері тағайындалды · Todayinfo