Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

«Қазақтардың қонақжайлылығын сөзбен айту мүмкін емес»: Лениннің шөбересі Астананы аралап жүр (ВИДЕО)

Фото: Бейнежазбадан Астанада Халықаралық бокс қауымдастығының (IBA) президенті Умар Кремлев сапармен келді, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Белгілі болғандай, ол Орталық Азия елдерін аралап жүр. Сапардың негізгі мақсаты – ұйымға қарасты ЦУПИС жүйесін енгізу мәселес

Автор Айғаным Нариманова··1 мин чтения
«Қазақтардың қонақжайлылығын сөзбен айту мүмкін емес»: Лениннің шөбересі Астананы аралап жүр (ВИДЕО)
Фото: Бейнежазбадан Астанада Халықаралық бокс қауымдастығының (IBA) президенті Умар Кремлев сапармен келді, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Белгілі болғандай, ол Орталық Азия елдерін аралап жүр. Сапардың негізгі мақсаты – ұйымға қарасты ЦУПИС жүйесін енгізу мәселесін талқылау. Бұған дейін Өзбекстан мен Тәжікстан бұл жүйеден бас тартқан. Енді Қазақстан мен Қырғызстанға ұсыныс жасалып отырғаны айтылады.
"Астанаға келдік. Сұлулығын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Әлі дұрыстап ұйықтаған жоқпыз, себебі қазақтардың қонақжайлылығы керемет. Айтпақшы, мен жалғыз келген жоқпын. Қасыма Лениннің шөбересін ертіп келдім. Иә, иә бұл шынымен Лениннің шөбересі", - деді ол.
Мамандардың пікірінше, егер жоспар жүзеге асса, еліміздегі букмекерлік бизнес толықтай IBA бақылауына өтуі мүмкін. Қазақстандағы бұл нарықтың жылдық айналымы шамамен 1,2 трлн теңгеге жетеді. Осы арқылы ұйымға тек қаржылай емес, азаматтардың банк картасы, мекенжайы, телефон нөмірі сияқты жеке деректері де қолжетімді болады деген қауіп бар. Сарапшылар бұл қадамды ақпараттық қауіпсіздікке қатер төндіруі мүмкін деп бағалап отыр. Айта кетейік, Халықаралық Олимпиада комитеті 2020 жылдан бастап IBA-ны жемқорлыққа қатысты сынға алып, Олимпиада ойындарынан шеттеткен болатын. Сол себепті қазақстандық боксшылар да аталған ұйымның туы астында жарыстарға қатыспайды. Умар Кремлевтің бұл сапарында оған Лениннің шөбересі де еріп жүргені белгілі болды.

Похожие материалы

«Қазақтардың қонақжайлылығын сөзбен айту мүмкін емес»: Лениннің шөбересі Астананы аралап жүр (ВИДЕО) · Todayinfo