«Аудиттің басты мақсаты – ашықтық, кәсіпорын мен су саласын қаржылық сауықтыру. Жоғары аудиторлық палата мен Парламент депутаттары тарапынан сұрақтар мен ескертулер бар. Сондықтан барлық кемшіліктер мен бұзушылықтарды жою қажет», - деді Ғалымжан Молдаш.фото: ашық дереккөзден Todayinfo.kz
«Қазсушар» кәсіпорны тексеріледі
Су ресурстары және ирригация министрлігі «Қазсушар» РМК қызметін тексереді. Бұл туралы министрліктің құрылымдық бөлімшелері мен кәсіпорын басшыларының қатысуымен өткен кеңесте Аудит департаментінің директоры Ғалымжан Молдаш мәлімдеді, деп хабарлайды Todayinfo.kz министрліктің бас

Су ресурстары және ирригация министрлігі «Қазсушар» РМК қызметін тексереді. Бұл туралы министрліктің құрылымдық бөлімшелері мен кәсіпорын басшыларының қатысуымен өткен кеңесте Аудит департаментінің директоры Ғалымжан Молдаш мәлімдеді, деп хабарлайды Todayinfo.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тексеріс ақпан айының соңына жоспарланған. Сондай-ақ, тексеріс аясында осыған дейін жүргізілген аудиторлық іс-шаралар бойынша Жоғары аудиторлық палатаның ескертулерін жою бойынша жұмыс жүргізіледі. Бұдан бөлек, министрлік мемлекеттік аудит объектілерінің бекітілген тізбесіне сәйкес «Нұра топтық су құбыры» ШЖҚ РМК қызметін тексеруді бастады.
Похожие материалы

Новости
Астана әкімі Президентке есеп берді
Айғаным Нариманова·

Новости
Ақтөбеде жаңа туған нәрестені шырылдаған қалпы пакетке салып, қоқыс жәшігіне тастап кеткен
Айғаным Нариманова·

Новости
«Аллея журналистов» открылась в Иле-Алатауском национальном парке
Todayinfo редакциясы·

Новости
В аэропорту Актау задержали иностранца с капсулами опия
Жаннұр Еділбаева·