Қазақстанда «КазТАГ» пен «Фридом Финанс» арасындағы дауға қатысты сот қарауы басталды.

Адвокат Ризабекова Назерке

—  "ҚазТАГ" пен "Фридом Финанс" арасындағы дауға біраз болды. Бұл жағдайға қандай пікір білдіре аласыз?

— Компания қандай да бір жанжалға араласуды қаламайды.  Бастапқыда заңға сәйкес және мәдениетті түрде «КазТАГ» агенттігіне шындыққа жанаспайтын мәліметтерді таратуды тоқтату туралы талаптар жолдаған. Иә, редакция әрекетіінен мақсатты түрде жасалған ақпараттық шабуылдың барлық белгілері байқалады. Олар ұзақ уақыт бойы «Фридом Финанстың»  іскерлік беделіне нұқсан келтіретін және сот шешімімен шындыққа жанаспайды деп танылған жалған мәлімет таратып отырды. Деректер бұрмаланып, тәуелсіз журналистика атын жамылып, ешқандай құқықтық негізі жоқ айыптаулар айтылды. Кәсіби әдеп тұрғысынан да, құқықтық мәдениет тұрғысынан да жалған мәліметтерді жүйелі түрде таратуға жол берілмейді.

«КазТАГ» агенттігіне сотқа дейінгі шағым жіберілді, олардан еш жауап болмағандықтан, компания дәл осындай талаптармен азаматтық сотқа жүгінді. Сот өз кезегінде жарияланған мәліметтердің шындыққа жанаспайтынын анықтап берді. Бұл шешімнің қылмыстық сот үшін оқиғаның немесе әрекеттің шынымен болған-болмағанын айқындауда преюдициалды маңызы бар. Бірақ тіпті сот процесі кезінде де (кейін белгілі болғандай, сот шешімінен кейін де) «КазТАГ» компания талаптарын елемей, шындыққа жанаспайтын мәліметтерді жариялауды жалғастыра берді. Айыпталушылар үздіксіз түрде құқығымызды бұзғандықтан амалсыздан полицияға арыз түсіруге мәжбүр болдық.

— «КазТАГ» агенттігімен болған жағдайға дейін «Фридом Финанс» мұндай ақпараттық шабуылдарға ұшырап па еді?

— Жоқ, бұл компания үшін бұрын-соңды болмаған жағдай. Журналистиканың негізгі принциптерін белден басқан, мұншалықты ұйымдасқан әрекетпен алғаш рет кездесіп отырмыз. Заң бойынша, бұқаралық ақпарат құралдары қандай да бір мәлімет жарияламас бұрын оның дұрыстығын тексеруге міндетті. Ал бұл жағдайда «КазТАГ» бұл стандарттарды елеусіз қалдырды.  Компанияға да, мемлекеттік органдарға да сауалдар тек көзбояушылық үшін жолданған, ал мақалалар ресми жауаптарды күтпестен жарияланып отырған.

— Қалай ойлайсыз, «КазТАГ-тың» көздегені не болды? Болжамдарыңыз бар ма?

— Ұйымдастырушылардың мақсаты - жасанды қоғамдық резонанс тудыру және брендті қаралау арқылы «Фридом Финансқа» ашық түрде қоғамдық қысым жасау. Компания мұның үшінші тұлғалардың пайдасына ақшалай қаражат төлетуі үшін жасалған әрекет екенін жоққа шығармайды. Бірақ холдингтің ондай төлемдерді жасауға ешқандай құқықтық міндеттемесі жоқ және олардың жеке қаржылық шығындарына жауапты емес. «Фридом Финанстың» ұстанымы өзгеріссіз қалады: компания тек құқықтық өрісте әрекет етеді және ақпараттық бопсалаудың жетегінде кетпейді.

— Соған қарамастан, «Фридом Финанс» татуласуға дайын екенін мәлімдеді. Бұл ұстаным өзгерген жоқ па?

— Компания шынымен де бұдан бір жыл бұрын сотқа дейінгі шағымында бітімге келу туралы мәлімдеген. Қазір де дауды реттеуге ашық екенін растайды. Дегенмен бастапқыда нақты белгіленген және өзгермеген әділ әрі қисынды талаптар орындалған жағдайда ғана татуласуға дайын. Олар: жарияланымдардың шындыққа жанаспайтынын мойындау; ресми түрде теріске шығару; көрінеу жалған ақпарат таратқаны және масс-медиа туралы заңнама талаптарын бұзғаны үшін кінәні мойындау.

Егер қорғаушы тарап дауды реттеуге шынымен дайын екенін мәлімдесе, онда белгіленген талаптарды орындаудан бастай алады. «Фридом Финанс» үшін әділдікті қалпына келтіру және компанияның таза атын қорғау принципті түрде маңызды. Ал егер айыпталушылар бұл талаптарды орындамаса және оларды орындаудың егжей-тегжейін талқылауды ұсынбаса, істің нүктесін Қазақстан Республикасының заңына сәйкес сот қояды.

Іс материалдарына сәйкес «КазТАГ» агенттігінің бас редакторы Әмір Қасенов «Фридом Финанс» АҚ-ға қарсы ауқымды ақпараттық науқан ұйымдастырды деп айыпталуда. Ал агенттіктің бас директоры Асет Матаевқа коммерциялық ұйымдағы басқару функцияларын тиісінше орындамағаны үшін және бұзақылық бойынша айып тағылып отыр.

«Фридом Финанс» компаниясының мәлімдеуінше, 2025 жылы «КазТАГ» агенттігі компанияға қарсы ақпараттық шабуыл ұйымдастырып, алаяқтық, қаржы пирамидасын құру және клиенттердің қаражатын заңсыз шығару туралы айыптаулар қамтылған теріс сипаттағы материалдар жариялаған.

Ал тергеудің мәліметіне сәйкес, «КазТАГ» агенттігінің бас директоры Әсет Матаев басқарушылық міндеттерін тиісінше орындамай, редакция қызметіне қажетті бақылауды қамтамасыз етпеген. Соның салдарынан тергеу дерегінше, «Фридом Финанс» компаниясы үшін ауыр зардаптарға әкеп соққан заң бұзушылықтарға жол берілген.

Әсет Матаев, сондай-ақ, бұзақылық үшін де жауапқа тартылып отыр. Еске салсақ, 2026 жылғы 17 наурыздан 18 наурызға қараған түні Алматы қаласындағы «Dostyk Plaza» сауда ойын-сауық орталығының маңында Матаев танысымен бірге алкогольдік ішімдік ішкен күйде 20 жастағы екі жігітпен жанжалдасып, кейін ол төбелеске ұласқан.

Тергеу мәліметінше, Әсет Матаевтың әрекеттеріне күш қолданумен ұштасқан, адамдар тобы жасаған бұзақылық деген құқықтық баға беріліп отыр.

Бұған дейін «Фридом Финанс» компаниясы «КазТАГ» басшылығы өз кінәсін мойындаған жағдайда татуласуға дайын екенін мәлімдеген болатын.