Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

«Қоғам шындықты білуге құқылы, жұртқа жеткізу керек»: Сара Алпысқызы жайлы депутат Бақытжан Базарбек айтып қойды

Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек әлеуметтік желілерде кеңінен тараған Сара Алпысқызы Назарбаеваның көз жұмды деген ақпаратқа байланысты өз ойын білдіріп, бұл жағдайдың айналасында ашық ақпараттың болмауы қоғамда алаңдаушылық туғызып отырғанын айтты, деп хабарлайды Todayinfo . О

Автор Жаннұр Еділбаева··2 мин чтения
«Қоғам шындықты білуге құқылы, жұртқа жеткізу керек»: Сара Алпысқызы жайлы депутат Бақытжан Базарбек айтып қойды
Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек әлеуметтік желілерде кеңінен тараған Сара Алпысқызы Назарбаеваның көз жұмды деген ақпаратқа байланысты өз ойын білдіріп, бұл жағдайдың айналасында ашық ақпараттың болмауы қоғамда алаңдаушылық туғызып отырғанын айтты, деп хабарлайды Todayinfo. Ол бұл жағдайға қатысты ресми органдардың нақты мәлімет бермеуі түрлі қауесет пен жорамалдардың таралуына себеп болып отырғанын жеткізді.
«Қарапайым азамат болсын, танымал тұлға болсын – бәріміз адамбыз. Егер адам қайтыс болса, оны ашық түрде хабарлауымыз керек. Ал тірі болса, халық алдында сөйлеуі тиіс. Бұл неге құпия болып отыр? Неліктен құзырлы органдар нақты жауап бермейді?» – деді депутат Мәжіліс кулуарында тілшілерге.
Сондай-ақ, Базарбек бұл мәселенің айналасындағы ақпараттық бұлыңғырлықтың артында қандай да бір сыртқы ықпал болуы ықтимал деген пікір білдірді.
«Қоғам шындықты білуге құқылы. Ал оны әдейі жасыру әрекеттері түсініксіз. Егер Сара Алпысқызы тірі болса, соны ресми түрде растау қиын емес. Егер бақилық болса, оны да заңды тұрғыда бекітіп, жұртқа жеткізу қажет», – деп түйіндеді ол.
2025 жылдың мамыр айының ортасында қоғамда бұрынғы президенттің жұбайы дүниеден өтті деген хабар тарай бастады. Кейбір дереккөздерге сәйкес, ол Алматыдағы Ұлттық госпитальде жасанды тыныс алу аппаратынан ажыратылғаннан кейін қайтыс болғаны айтылған. Алайда көп ұзамай бұл ақпаратты ресми органдар жоққа шығарды. Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Сара Алпысқызы тірі екенін және қазіргі уақытта ем қабылдап жатқанын мәлімдеді, алайда денсаулығы жайлы толық ақпарат бермеді. Сонымен қатар, Шамалғандағы отбасылық зиратта жаңа бейіттің пайда болуы туралы тараған әңгімелер де қоғамда түрлі күдіктердің туындауына себеп болды. Бірақ бұл ақпарат та ресми түрде расталған жоқ.

Похожие материалы

«Қоғам шындықты білуге құқылы, жұртқа жеткізу керек»: Сара Алпысқызы жайлы депутат Бақытжан Базарбек айтып қойды · Todayinfo