Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

Қонаев қаласында «Толағай - алыптар сайысы» өтті

Қонаев қаласында нағыз ер азаматтардың күші мен төзімділігін сынайтын «Толағай - алыптар сайысы» облыстық турнирі өтті. Бұл шара ұлттық дәстүрді насихаттаудың және қазақстандық ерлікті қалыптастырудың жарқын мысалы болды. Турнирдің атауы көне ертегі-аңыздан алынған, онда тоғыз жа

Автор Мейіржан Әуелханұлы··2 мин чтения
Қонаев қаласында «Толағай - алыптар сайысы» өтті
Қонаев қаласында нағыз ер азаматтардың күші мен төзімділігін сынайтын «Толағай - алыптар сайысы» облыстық турнирі өтті. Бұл шара ұлттық дәстүрді насихаттаудың және қазақстандық ерлікті қалыптастырудың жарқын мысалы болды. Турнирдің атауы көне ертегі-аңыздан алынған, онда тоғыз жасар бала Толағай жаңбыр жаудыру үшін тауды арқалап, туған жеріне көтеріп алып келеді.
"Біздің ата-бабаларымыз ежелден осындай жарыстар ұйымдастырған. Оларға деген қызығушылық бүгінгі күні қайта жанданып жатыр. "Толағай" – бұл тек жарыс қана емес, салауатты өмір салтын насихаттайтын көпсайыс, - деді Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ерболат Сарабеков. - Біз мұндай жарыстарды ұйымдастырып, туған жеріміздің даңқын арттыруды көздейміз. Жастар біздің батырларымыздың рухымен тәрбиеленуі тиіс", -деді туринрдің ұйымдастырушысы Темір Спатаев.
«Толағай» алыптар сайысына 18 жастан асқан, салмағы 90 кг-нан жоғары және спорттық дайындығы бар ерлер ғана қатысты. Алматы облысының әртүрлі аудандарынан келген атлеттер келесі сынақтарда жарысты: * 10 келілік найзаны оң немесе сол қолмен нысанаға лақтыру; * Бір минут ішінде ұзындығы жарты метрлік темір шыбықты желкеде бүгу; * Салмағы 100 келі болатын тасты белгілі бір қашықтыққа көтеріп, тасымалдау; * Салмағы 100 келі болатын бөренемен бір минут ішінде отырып-тұру; * Салмағы 500 келі болатын арбаны бір минут ішінде жылжыту. Жарыс нәтижесінде Іле ауданынан келген батыр жеңімпаз атанды, екінші орынды Кеген ауданынан келген қатысушы, ал үшінші орынды Талғар ауданынан келген спортшы иеленді.

Похожие материалы

Қонаев қаласында «Толағай - алыптар сайысы» өтті · Todayinfo