Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

Қорғаныс министрі Дәурен Қосанов Қызылордадағы әскери бөлімдердің жағдайын тексерді

Қорғаныс министрі Дәурен Қосанов Қызылорда облысына барып, әскери бөлімдердің инфрақұрылымы, тәртібі және сарбаздардың жағдайын тексерді.

Автор Мұхтар Жексенбай··1 мин чтения
Қорғаныс министрі Дәурен Қосанов Қызылордадағы әскери бөлімдердің жағдайын тексерді

ҚР Қорғаныс министрі, авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов Қызылорда облысына жұмыс сапарымен келіп, өңірдегі бірқатар әскери бөлім мен мекеменің қызметін көрді, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.

Министрді облыс әкімінің орынбасары Мейрамбек Шермағанбет қарсы алды. Сапар барысында әскери техника мен жабдықтың жай-күйі, бөлімдердің жауынгерлік дайындығы, жеке құрамның күнделікті қызметі және әскери қызметшілердің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы назарға алынды.

Қызылорда қаласында орналасқан №99215 әскери бөлімінің аумақтық қорғаныс бригадасына барған Қосанов жергілікті бюджет есебінен атқарылған инфрақұрылымды жаңарту және дамыту жұмыстарының нәтижесін көрді. Әскери бөлім басшылығы алдағы кезеңге жоспарланған жұмыстар туралы мәлімет берді.

Сондай-ақ министр №66597 әскери бөліміне барып, мерзімді қызметтегі сарбаздармен жүздесті. Ол казармалардың жағдайын, санитарлық аймақтардың тазалығы мен қолайлылығын, асхананың жұмысын және тамақ сапасын тексерді. Әскери тәртіптің сақталуы, сарбаздардың қызмет өткеруі мен күн тәртібінің орындалуы да бақылауға алынды.

Облыстық қорғаныс істері жөніндегі департамент базасында Қосанов құқық қорғау органдары мен әскери құрылымдардың басшыларымен кездесу өткізді. Кездесуде департамент басшылығы атқарылған жұмыстар бойынша есеп берді.

Жиында жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру, азаматтарды әскери қызметке дайындау және ардагерлер ұйымдарымен өзара ықпалдастықтың бағыты талқыланды

Талқылауға «Қарулы Күштер ардагерлері» республикалық қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалының төрағасы М. Ршауов пен «Ауған соғысының ардагерлері мен мүгедектерінің кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ж. Оспанов қатысты. Тараптар өңірдегі әскери-патриоттық іс-шараларды жүйелеу және жастармен жұмысты күшейту жөнінде пікір алмасты.

Фото: Әлеуметтік желіден

Похожие материалы

Қорғаныс министрі Дәурен Қосанов Қызылордадағы әскери бөлімдердің жағдайын тексерді · Todayinfo