47 жастағы астаналық әйел Қорғаныс ұлттық университетінде істейтін таныс полковниктің өзін зорлағанын мәлімдеген, деп хабарлайды Todayinfo телеграмдағы ақпарат көзіне сілтеме жасап.
Әйелдің айтуынша, 8 шілде күні кешке әскери қалашықтағы үйдегі отырыстан кейін ер адам оны қызғанып, ұрып-соққан, кейін зорлаған.
“Аталған факт бойынша Қылмыстық кодекстің 120-бабы – «Зорлау» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті анықталып, полицияға жеткізілді. Оқиғаның мән-жайы анықталуда”, – деп хабарлады Астана қалалық полиция департаменті.




