Қорғаушы Шерзаттың туыстарын жалған жауап бергені үшін тергеуге алуды сұрады
Шерзат Полаттың өліміне қатысты өтіп жатқан сот отырысында сотталушы Дархан Қалиахметтің адвокаты Гаухар Баймұханова жәбірленуші тараптың берген жауаптарына күмән келтіріп, тергеу мен сот барысында жалған мәліметтер берген тұлғаларды жауапкершілікке тартуды сұрады,деп хабарлайды

Шерзат Полаттың өліміне қатысты өтіп жатқан сот отырысында сотталушы Дархан Қалиахметтің адвокаты Гаухар Баймұханова жәбірленуші тараптың берген жауаптарына күмән келтіріп, тергеу мен сот барысында жалған мәліметтер берген тұлғаларды жауапкершілікке тартуды сұрады,деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.
«Қалиахметтің кінәсі дәлелденбеді. Оған топ құрамында әрекет еткен деген айып негізсіз. Ол бұрын сотты болмаған. Екі кәмелетке толмаған баласы бар, отбасы оның қамқорлығына мұқтаж. Сонымен қатар, жәбірленуші тарап тергеу кезінде әртүрлі әрі қайшы мәліметтер беріп отыр», – деді адвокат.
Қорғаушының айтуынша, жәбірленуші Бишембаева тергеу және беттестіру барысында бір-біріне сәйкес келмейтін жауаптар берген. Оның айтуынша, Бишембаева әртүрлі тұлғаларды әртүрлі сипаттап, нақты Қалиахметтің қандай әрекет жасағанын дәл көрсете алмаған.
Сол сияқты жәбірленуші Қаржаубай Нұрымовтың да жауаптарында «Чина» мен «Чика» атты тұлғаларға қатысты мәліметтерде шатасу бар екені айтылды.
«Олардың жауабы нақты оқиғаға сай келмейді. Бірде 'делайте' деген сөзден кейін төбелес басталды десе, бірде басқа тұлғаны айыптайды. Бұл — жалған куәлікке жатады», – деді адвокат Баймұханова.
Похожие материалы

Новости
Мать убитой студентки из Атырау не смогла узнать, где отбывают наказание осуждённые
Жаннұр Еділбаева·

Новости
В Армении началось голосование на парламентских выборах
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Астанадан 48 шақырым жерде жаңа әуежай салу ұсынылды
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Қазақстанға Пржевальский жылқыларының тағы бір тобы жеткізілді
Жаннұр Еділбаева·