Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

Қостанай облысында жыл басынан бері 400-ге жуық жол апаты тіркелді: 20 адам қаза тапты

2025 жылдың алғашқы төрт айында Қостанай облысында 400-ге жуық жол-көлік оқиғасы тіркелді. Бұл туралы облыстық Полиция департаменті мәлімдеді. Апат салдарынан 20 адам қаза тауып, тағы 540-тан астам адам түрлі жарақат алған,деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі. Жол-көлік

Автор Айғаным Нариманова··2 мин чтения
Қостанай облысында жыл басынан бері 400-ге жуық жол апаты тіркелді: 20 адам қаза тапты
2025 жылдың алғашқы төрт айында Қостанай облысында 400-ге жуық жол-көлік оқиғасы тіркелді. Бұл туралы облыстық Полиция департаменті мәлімдеді. Апат салдарынан 20 адам қаза тауып, тағы 540-тан астам адам түрлі жарақат алған,деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі. Жол-көлік оқиғаларының басты себептерінің бірі ретінде жылдамдықты асыру көрсетіліп отыр. Аталған кезеңде дәл осы себеппен 23 апат тіркеліп, 3 адам көз жұмған, 34 адам жарақат алған. Жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру мақсатында Қостанай облысының Полиция департаменті тарапынан алдын алу шараларының кешені жүзеге асырылып жатыр. Бұл шаралар «Заң және тәртіп» қағидатына негізделген. Атап айтқанда, облыс жолдарында заманауи «Ekin X-Spotter» құрылғыларымен жабдықталған қызметтік автокөліктер көмегімен патрульдік бақылау ұйымдастырылған. Бұл құрылғылар жылдамдықты, көлік ағынын және құқық бұзушылықты нақты тіркеуге мүмкіндік береді. Қостанай облыстық Полиция департаменті барлық жүргізушілерге арнайы үндеу жариялады. Онда жол үстіндегі қауіпсіздікті сақтау үшін мынадай талаптарға назар аудару қажет екені айтылған:
  • Жол белгіленген жылдамдық режимін сақтау;
  • Бағдаршам мен жол белгілеріне мұқият болу;
  • Жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау.
«Жолда қауіпсіздікті сақтау – әрбір жүргізушінің азаматтық жауапкершілігі. Ережені елемеу — адам өміріне қауіп төндіреді», – делінген департамент хабарламасында.    

Похожие материалы

Қостанай облысында жыл басынан бері 400-ге жуық жол апаты тіркелді: 20 адам қаза тапты · Todayinfo