Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

«Қожа» рөлін сомдаған актер Нұрлан Сегізбаев өмірден озды

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, белгілі актер, сценарист, кинодраматург Нұрлан Санжарұлы Сегізбаев өмірден өтті, деп хабарлайды Todayinfo . ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі актердің отбасы мен жақын туыстарына, туған халқына қайғыра көңіл айтты.  «Нұрлан Санжарұл

Автор Жаннұр Еділбаева··1 мин чтения
«Қожа» рөлін сомдаған актер Нұрлан Сегізбаев өмірден озды

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, белгілі актер, сценарист, кинодраматург Нұрлан Санжарұлы Сегізбаев өмірден өтті, деп хабарлайды Todayinfo.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі актердің отбасы мен жақын туыстарына, туған халқына қайғыра көңіл айтты. 

«Нұрлан Санжарұлы – қазақ мәдениеті мен өнерінің дамуына елеулі үлес қосқан тұлға. Ол өз ғұмырын шығармашылыққа, ұлттық руханиятқа арнап, кейінгі ұрпаққа өнеге болатын мол мұра қалдырды. 

Өнерсүйер жұртшылыққа әлі күнге құндылығын жоймай келе жатқан Абдолла Қарсақбаевтың «Менің атым Қожа» фильміндегі басты рөлімен танымал өнер иесі қазақ кино өнеріндегі дара тұлға болды. Оның экранда жасаған көркем бейнелері отандық өнер тарихында айрықша орын алады. 

Нұрлан Санжарұлының жарқын бейнесі, шығармашылық мұрасы мен ғибратты ғұмыр жолы халқымыздың жадында мәңгі сақталады деп сенеміз»,- деп жазды министрлік.

Похожие материалы

«Қожа» рөлін сомдаған актер Нұрлан Сегізбаев өмірден озды · Todayinfo