Todayinfo.kz
ЭкономикаСмотреть все материалы

ҚҚС өсіру елдің барлығына ауыр тиеді – заңгер Ержан Есімханов (ВИДЕО)

Фото: Instagram / Ержан Есимханов Жаңа Салық кодексінің жобасында қосылған құн салығын 12-ден 15-20 пайызға дейін арттыру қарастырылған. Заңгер әрі блогер Ержан Есімханов мұндай шешім бизнес пен түпкі тұтынушыларға қалай әсер ететінін түсіндірді, деп хабарлайды Qazaq.today апарат

Автор Мейіржан Әуелханұлы··1 мин чтения
ҚҚС өсіру елдің барлығына ауыр тиеді – заңгер Ержан Есімханов (ВИДЕО)
Фото: Instagram / Ержан Есимханов
Жаңа Салық кодексінің жобасында қосылған құн салығын 12-ден 15-20 пайызға дейін арттыру қарастырылған. Заңгер әрі блогер Ержан Есімханов мұндай шешім бизнес пен түпкі тұтынушыларға қалай әсер ететінін түсіндірді, деп хабарлайды Qazaq.today апарат порталы.
«Үкімет екі негізгі нәрсені ұсынып отыр: ҚҚС-ты 20%-ға дейін көтеру (қазір ол 12%) және ҚҚС бойынша тіркеу шегін 15 млн теңгеге дейін төмендету (қазіргі уақытта ол шамамен 78 млн теңге). Бұл кімге тиімді?  Біз ҚҚС екі операция түріне – айналымға және импортқа енгіземіз. Яғни, елге импортталатын затты әкелсеңіз, ҚҚС төлеу керек. Бізде барлығы дерлік импортталады – дәл қазір киіп жүрген киіміңізден бастап осыны оқып отырған смартфонға дейін. ҚҚС көтеріледі – импортталатынның бәрі қымбаттайды. ҚҚС 8%-ға өседі – импорттың бәрі сәйкесінше қымбаттайды. Егер жаңа заң күшіне енсе импорттық өнім әлдеқайда қымбатырақ болады", - деді заңгер.
Оның айтуынша, үкімет ұсынып отырған шаралар – ҚҚС-ты 12%-дан 20%-ға арттыру және ҚҚС бойынша тіркеу шегін 78 млн теңгеден 15 млн-ға дейін төмендету – ел экономикасы үшін өте қате шешім болмақ.

Похожие материалы

ҚҚС өсіру елдің барлығына ауыр тиеді – заңгер Ержан Есімханов (ВИДЕО) · Todayinfo