Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

«Құлап кете жаздады»: Ақтауда 11-қабаттағы балкон қоршауында ойнаған балалар тұрғындарды шошытты (ВИДЕО)

Ақтауда көпқабатты үйдің 11-қабатында ашық балкон қоршауында ойнап отырған екі кішкентай қыздың видеосы әлеуметтік желіде кең тарады. Бейнежазбаны куәгерлер түсірген. Кадрларда балалардың қоршауға шығып алып, тепе-теңдік сақтап отырғаны көрінеді. Бұл қауіпті сәтте жанында бірде-б

Автор Айғаным Нариманова··1 мин чтения
«Құлап кете жаздады»: Ақтауда 11-қабаттағы балкон қоршауында ойнаған балалар тұрғындарды шошытты (ВИДЕО)
Ақтауда көпқабатты үйдің 11-қабатында ашық балкон қоршауында ойнап отырған екі кішкентай қыздың видеосы әлеуметтік желіде кең тарады. Бейнежазбаны куәгерлер түсірген. Кадрларда балалардың қоршауға шығып алып, тепе-теңдік сақтап отырғаны көрінеді. Бұл қауіпті сәтте жанында бірде-бір ересек адам болмаған,деп хабарлайды Todayinfo ақпарат порталы. Мамандардың айтуынша, мұндай әрекеттер өте қауіпті, себебі кез келген сәтте тепе-теңдік жоғалса, қайғылы оқиғаға ұласуы мүмкін. Балалардың қауіпсіздік ережесін елемеуі – тек ата-аналар тарапынан бақылаудың жоқтығын көрсетеді. Маңғыстау облысы бойынша 2025 жылдың басынан бері балалардың терезеден немесе балконнан құлауы бойынша 8 оқиға тіркелген. Бұл көрсеткіш өткен жылдың жылдық дерегінен асып түсті – 2024 жылы мұндай 5 жағдай болған.
«Мұндай қайғылы оқиғалар, өкінішке қарай, ересектердің салғырттығынан болады. Қазір балалар жазғы демалыста, сондықтан қауіп күшейе түседі», – деді ТЖД профилактика басқармасы басшысының міндетін атқарушы Мейірбек Исаев.
Құтқару қызметі ата-аналарға балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді, терезе мен балкон маңындағы ойынға қатаң тыйым салуды ескертеді. Сонымен қатар, қорғаныс торларын орнату, балаларды қараусыз қалдырмау, және қауіп туралы үнемі түсіндіру – аса маңызды.    

Похожие материалы

«Құлап кете жаздады»: Ақтауда 11-қабаттағы балкон қоршауында ойнаған балалар тұрғындарды шошытты (ВИДЕО) · Todayinfo