Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

Құқықты мемлекетті аяққа таптау: белгілі заңгер Шымкенттің бас прокурорын да қызметтен кетіруді талап етті

Фото: instagram.com/aigul_orynbek Қоғам белсендісі Айгүл Орынбек Шымкент қаласында қалыптасқан құқықтық ахуалға қатысты қатаң мәлімдеме жасап, тек полиция басшыларының ғана емес, қала прокурорының да жауапкершілігі қаралуы тиіс екенін айтты, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат аг

Автор Айғаным Нариманова··2 мин чтения
Құқықты мемлекетті аяққа таптау: белгілі заңгер Шымкенттің бас прокурорын да қызметтен кетіруді талап етті
Фото: instagram.com/aigul_orynbek Қоғам белсендісі Айгүл Орынбек Шымкент қаласында қалыптасқан құқықтық ахуалға қатысты қатаң мәлімдеме жасап, тек полиция басшыларының ғана емес, қала прокурорының да жауапкершілігі қаралуы тиіс екенін айтты, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Оның сөзінше, соңғы уақытта Шымкентте полиция департаментінің басшылары бірінен кейін бірі қызметтен кетіп жатқанымен, заңдылықты қадағалауға тікелей жауапты орган – прокуратура назардан тыс қалып отыр. «Неге Шымкентте тек полиция басшылары ғана кетіп жатыр? Ал заңның сақталуына тікелей жауапты қала прокуроры Ғабит Мұқанов неге ешқандай жауапкершілікке тартылмайды?» – дейді ол. Айгүл Орынбек прокуратура Қазақстанда заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ететін негізгі орган екенін еске салды. Оның айтуынша, Шымкентте прокуратураның келісімінсіз бірде-бір қылмыстық іс тіркелмейді. Сондықтан полиция өз бетінше шешім қабылдайтын дербес орган емес, тек тапсырма орындаушы құрылымға айналған.
«Егер шын мәнінде әділет пен заң үстемдігін орнатқыларыңыз келсе, мәселені көзбояушылық үшін емес, түбінен қарау керек», – дейді ол.
Қоғамда Шымкентте қылмыстық істердің таңдамалы түрде, яғни “заказбен” қозғалатыны жөнінде қалыптасқан күдік кездейсоқ әңгіме емес, жүйелі проблеманың көрінісі екенін атап өтті. Белсендінің айтуынша, ол өз құқығының өрескел түрде бұзылып жатқанын айтып, жылдар бойы барлық тиісті органдарға жүгінген. Алайда осы уақытқа дейін:
  • заң бұзушылықтарға процессуалдық баға берілмеген;
  • прокурорлық қадағалау шаралары қолданылмаған;
  • кінәлі лауазымды тұлғалар жауапқа тартылмаған.
«Бұл – кездейсоқтық емес. Бұл – саналы әрекетсіздік», – дейді Айгүл Орынбек. Оның пікірінше, Шымкент қаласының прокуроры Ғабит Мұқановтың көп жылғы үнсіздігі мен әрекетсіздігі азаматтардың конституциялық құқықтарының жүйелі түрде бұзылуына жол беріп отыр. Мұндай жағдайда прокурор заңның қорғаушысы емес, керісінше заңсыздыққа жол беріп отырған тұлға ретінде бағалануы тиіс.
«Егер заң бәріне бірдей болса, жауапкершілік те бәріне бірдей болуы керек. Тек полицияны “құрбан” етіп, ал заңдылықты қадағалауға міндетті прокурорды жауапсыз қалдыру – құқықтық мемлекеттің қағидаттарын ашық түрде аяққа таптау», – деді ол.
Осыған байланысты Айгүл Орынбек Президентке үндеу жасап, Шымкент қаласының прокуроры Ғабит Мұқановты да қызметтен алу қажет екенін мәлімдеді.
«Заң таңдаулы топқа емес, халыққа қызмет етуі керек. Ал заңды қадағалаушы орган заңсыздыққа көз жұмса, бұл – мемлекеттің өзіне төнген қауіп», – деп түйіндеді ол.

Похожие материалы

Құқықты мемлекетті аяққа таптау: белгілі заңгер Шымкенттің бас прокурорын да қызметтен кетіруді талап етті · Todayinfo