Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

Құрбан айт намазы 6 маусымда оқылады – ҚМДБ кестені жариялады

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) 2025 жылғы Құрбан айт мерекесінің алғашқы күні – 6 маусым екенін ресми түрде хабарлады. Осыған орай, еліміз бойынша Құрбан айт намазының нақты уақыты бекітіліп, арнайы кесте жарияланды,деп хабарлайды  Todayinfo ақпараттық агентті

Автор Айғаным Нариманова··1 мин чтения
Құрбан айт намазы 6 маусымда оқылады – ҚМДБ кестені жариялады

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) 2025 жылғы Құрбан айт мерекесінің алғашқы күні – 6 маусым екенін ресми түрде хабарлады. Осыған орай, еліміз бойынша Құрбан айт намазының нақты уақыты бекітіліп, арнайы кесте жарияланды,деп хабарлайды  Todayinfo ақпараттық агенттігі.

«6 маусым – Құрбан айт мейрамының алғашқы күні. Осы күні оқылатын Құрбан айт намазының еліміз бойынша әзірленген кестесін назарларыңызға ұсынамыз. Айт құтты болсын, ағайын!» – делінген ҚМДБ мәлімдемесінде.

Үлкен қалалардағы айт намазының уақыты

  • Астана, Алматы және Шымкент қалаларында – сағат 6:00-де Құрбан айт намазы оқылады.

  • Өңірлердегі нақты уақыттар ҚМДБ-ның ресми сайтында жарияланған.

Құрбан айттың маңыздылығы

Құрбан айт – ислам әлеміндегі ең ұлық әрі мәні терең мерекелердің бірі. Бұл күні мұсылмандар Алланың разылығы үшін құрбан шалып, отбасына, ағайын-туыстарына және мұқтаж жандарға қамқорлық көрсетеді.

Құрбандық шалу – тек шариғат парызы ғана емес, сонымен қатар мейірімділік пен қайырымдылықтың айғағы.

Похожие материалы

Құрбан айт намазы 6 маусымда оқылады – ҚМДБ кестені жариялады · Todayinfo