Қырғызстанның бұрынғы вице-премьері әрі Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің төрағасы Қамчыбек Ташиев 18 наурыз күні Ішкі істер министрлігінің тергеу қызметіне шақырылды, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Бұл ақпаратты «Сводка АКИpress» басылымына Қырғызстан Ішкі істер министрлігі растаған.
Мәліметке сәйкес, Ташиев екі қылмыстық іс бойынша куәгер ретінде тергеу-оперативтік іс-шараларға қатысуда.
Кейін белгілі болғандай, ол тергеу барысында жария етпеу туралы қолхат берген. Бұл туралы 19 наурыз күні басылымға дереккөздер хабарлаған.
Сондай-ақ Ташиевтің Қырғызстанға 19 наурыз күні таңертең оралғаны анықталды.
Айта кетейік, ол 10 ақпанда қызметінен босатылған. Ал 17 ақпанда елден шығып кеткен болатын. Оның шетелде қанша уақыт болғаны нақты айтылмаған.
Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасып жатыр.




