Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

Қытай әскері Ресей атынан соғысып жүр ме (ВИДЕО)

Қытайдың Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Линь Цзянь Қытай үкіметінің Украинадағы әскери қақтығысқа қатысты ресми ұстанымын мәлімдеді,деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі. «Қытай үкіметі әрдайым өз азаматтарынан қарулы қақтығыс аймақтарына бармауды, қандай да бір

Автор Айғаным Нариманова··1 мин чтения
Қытай әскері Ресей атынан соғысып жүр ме (ВИДЕО)
Қытайдың Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Линь Цзянь Қытай үкіметінің Украинадағы әскери қақтығысқа қатысты ресми ұстанымын мәлімдеді,деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.
«Қытай үкіметі әрдайым өз азаматтарынан қарулы қақтығыс аймақтарына бармауды, қандай да бір түрде араласпауды және кез келген тараптың әскери операцияларына қатыспауды талап етіп келеді», – деді Линь Цзянь.
Бұл мәлімдемеге дейін Украина президенті Владимир Зеленский Украина Қарулы күштері Ресей жағында соғысқан Қытайдың екі азаматын тұтқынға алғанын жариялаған болатын.
«Солтүстік Корея әскерлері бізге қарсы тікелей Курскіде, ал қытайлар Украина аумағында соғысты», – деген еді Зеленский.
Президенттің айтуынша, Ресей жағында соғысып жүрген Қытай азаматтарының саны әлдеқайда көп болуы мүмкін. Қытай тарапы Украинадағы соғысқа қатысу туралы кез келген айыптауларды жанама түрде теріске шығарып отыр. Бейжің бейбітшілік пен келіссөз арқылы дағдарысты шешу қажеттігін бұрыннан айтып келеді. Қытайдың СІМ өкілі азаматтарының басқа елдердегі әскери жанжалдарға араласуы мемлекеттік саясатқа қайшы екенін атап өтті. Қытай азаматтарының Украинадағы соғысқа қатысуы туралы ақпараттар халықаралық деңгейде саяси және құқықтық салдарларға алып келуі мүмкін. Сарапшылар бұл жағдай Қытай мен Батыс елдері арасындағы дипломатиялық шиеленісті күшейтуі ықтимал екенін айтады.  
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Kerekemes (@kerekemes_kz)

Похожие материалы

Қытай әскері Ресей атынан соғысып жүр ме (ВИДЕО) · Todayinfo