Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

Қытай қазақ халқына ешқашан зиян келтірген жоқ, болашақта да келтірмейді – Тоқаев

Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында сөйлеген сөзінде Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның көрші елдермен қарым-қатынасын жоғары бағалап, Қытаймен арадағы тарихи достық байланыс пен сенімді ықпалдастыққа тоқталды,деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі. «Қытай халқы

Автор Айғаным Нариманова··1 мин чтения
Қытай қазақ халқына ешқашан зиян келтірген жоқ, болашақта да келтірмейді – Тоқаев
Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында сөйлеген сөзінде Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның көрші елдермен қарым-қатынасын жоғары бағалап, Қытаймен арадағы тарихи достық байланыс пен сенімді ықпалдастыққа тоқталды,деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.
«Қытай халқы қазақ халқына ешқашан зиян келтірген жоқ, болашақта да зиян келтірмейді», – деді президент.
Президент Қазақстанның сыртқы саясатындағы басты бағыттардың бірі — көршілес елдермен бейбіт және достық қарым-қатынасты сақтау екенін айтты. Тоқаев:
«Қазақ көршісіне әрқашан арқа сүйеген, көршісінің қасынан табылған. Бұл – атадан қалған өсиет, анадан дарыған қасиет», – деді.
Тоқаев Ресейді Қазақстанның негізгі стратегиялық серіктесі және сенімді одақтасы ретінде атап, Қытаймен ықпалдастықтың терең тарихи тамыры барын жеткізді. Сондай-ақ Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан және Әзербайжан елдеріне деген бауырластық қарым-қатынасты атап өтті. Президенттің айтуынша, қазіргі таңда Қазақстанның көршілес елдермен арада шешілмеген мәселе жоқ, шекаралар дау-дамайсыз шегенделген. Еліміз әрқашан бейбітшілік пен тұрақтылыққа негізделген қарым-қатынасты ұстанады.      

Похожие материалы

Қытай қазақ халқына ешқашан зиян келтірген жоқ, болашақта да келтірмейді – Тоқаев · Todayinfo