Todayinfo.kz
Новости

Қыз зорлады деп сотталған полицей түрмеден пәтер даулап, жеңіске жетті

Қыз зорлағаны үшін 11 жылға сотталған Талдықорған полициясының экс-басшысы Марат Күштібаев түрмеден сотқа арызданып, жеңіске жетті.

Автор Мухтар Жексенбаев (журналист)··1 мин чтения
Қыз зорлады деп сотталған полицей түрмеден пәтер даулап, жеңіске жетті

Қыз зорлағаны үшін 11 жылға бас бостандығынан айырылған Талдықорған полициясының бұрынғы басшысы Марат Күштібаев түрмеде отырып, қызметтік пәтерді жекешелендіру құқығын сот арқылы жеңіп алды, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.

Күштібаев Жетісу облысының полиция департаментінің үстінен сотқа шағым түсірген. Ол Талдықорғандағы "Болашақ" шағынауданында орналасқан қызметтік баспанада 2016 жылдан бері тұратынын, ал 2023 жылдан бастап оны жекешелендіру туралы өтініші қаралмағанын алға тартқан.

Экс-полицей ішкі істер органдарында 35 жылдан астам уақыт қызмет еткенін айтып, жұмыстан шығарылғанына қарамастан, заң бойынша пәтерді жекешелендіруден бас тартуға негіз жоқ деп санайды. Ол соттан қазір өзінің жұбайы мен үш баласы тұрып жатқан пәтерден отбасын шығармауды да сұраған.

Нәтижесінде Жетісу облысының арнайы ауданаралық әкімшілік соты Күштібаевтың талап-арызын толық қанағаттандырып, оның пайдасына шешім шығарды.

Еске сала кетейік, Талдықорған полициясының бұрынғы басшысы Марат Күштібаев "Зорлау" бабы бойынша айыпты деп танылып, 11 жылға сотталған еді.

Фото: Әлеуметтік желіден

Похожие материалы