Todayinfo.kz
ОбществоСмотреть все материалы

«Қыздар сабаққа бара жатқан»: Қояндыда апалы-сіңілі қос қызды көлік қағып кетті

Фото: видеодан скриншот Ақмола облысының Қоянды кентінде екі оқушыны көлік қағып кетті, деп хабарлайды Todayinfo порталы.  Оқиға бейнекамераға түсіп қалған. Видеодан қыздардың туысы жүргізушіге «Байқап жүрмейсің бе?!» деп айқайлап, күш қолдануға әрекеттенгенін көруге болады.

Автор Мейіржан Әуелханұлы··1 мин чтения
«Қыздар сабаққа бара жатқан»: Қояндыда апалы-сіңілі қос қызды көлік қағып кетті
Фото: видеодан скриншот
Ақмола облысының Қоянды кентінде екі оқушыны көлік қағып кетті, деп хабарлайды Todayinfo порталы.  Оқиға бейнекамераға түсіп қалған. Видеодан қыздардың туысы жүргізушіге «Байқап жүрмейсің бе?!» деп айқайлап, күш қолдануға әрекеттенгенін көруге болады. Әлеуметтік желіде тараған ақпаратта бүгін таңертең 5 және 10-шы сыныпта оқитын апалы-сіңлілі қыздар сабаққа бара жатқанда жол апатына ұшырағаны айтылған. Облыстық полиция департаменті жол апатына қатысты түсініктеме берді.
«1 желтоқсанда жүргізуші «Ниссан Премьера» автокөлігімен Қоянды кентінде жүріп келе жатып, жаяу жүргіншілер жолымен өтіп бара жатқан 2 кәмелетке толмаған баланы соғып кетті. Зардап шеккендер ауруханаға жатқызылды», - дейді полицейлер.
Бұл факт бойынша полиция тергеу жүргізіп жатыр.

Похожие материалы

«Қыздар сабаққа бара жатқан»: Қояндыда апалы-сіңілі қос қызды көлік қағып кетті · Todayinfo