Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

«Қызғаныштан қор қылды»: үш баланың анасы күйеуін еркектік қабілеттен айырып, мүшесін кесіп тастаған

Фото: видео скриншот Астанада 32 жастағы үш баланың анасы қызғаныштан ұйықтап жатқан жігітіне ауыр жарақат салып, ер адам жедел түрде ауруханаға жеткізілгені туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Оқиға жайлы уролог Жалғас Игембай әлеуметтік желідег

Автор Айғаным Нариманова··1 мин чтения
«Қызғаныштан қор қылды»: үш баланың анасы күйеуін еркектік қабілеттен айырып, мүшесін кесіп тастаған
Фото: видео скриншот

Астанада 32 жастағы үш баланың анасы қызғаныштан ұйықтап жатқан жігітіне ауыр жарақат салып, ер адам жедел түрде ауруханаға жеткізілгені туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға жайлы уролог Жалғас Игембай әлеуметтік желідегі парақшасында жазған. Дәрігердің айтуынша, 34 жастағы ер адам ес-түссіз күйде ауыр халде ауруханаға түскен. Әйелдің сөзіне қарағанда, жедел жәрдемді өзі шақырған. Кейінірек әйел жігітінің опасыздық жасағанын біліп қалып, оған ұйықтататын дәрі бергені анықталған. Ер адам ес-түссіз жатқан кезде әйел сүйіктісіне пышақпен зақым келтірген. Науқас ауруханаға тым кеш жеткізілгендіктен, ағзаны қайта қалпына келтіру мүмкін болмағаны айтылды.
“Өмірін аман алып қала алды, ал еркектің болашағын – жоқ. Бұл сериал емес, шын оқиға. Тек баяғыда болған”, – деп жазды Жалғас Игембай.

Похожие материалы

«Қызғаныштан қор қылды»: үш баланың анасы күйеуін еркектік қабілеттен айырып, мүшесін кесіп тастаған · Todayinfo