Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

Қызылордада оқушыны жыныстық құлдықта ұстағандар сотталып кетті

2025 жылдың 3 сәуірінде, Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 16 жастағы оқушы қызды секс-құлдықта ұстаған оқушылар мен олардың сыбайластарын соттады,деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі. Қылмыстық іс Қазақстан Р

Автор Айғаным Нариманова··2 мин чтения
Қызылордада оқушыны жыныстық құлдықта ұстағандар сотталып кетті
2025 жылдың 3 сәуірінде, Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 16 жастағы оқушы қызды секс-құлдықта ұстаған оқушылар мен олардың сыбайластарын соттады,деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі. Қылмыстық іс Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің бірнеше бабы бойынша қаралды, атап айтқанда: кәмелетке толмаған қызды ірі мөлшерде пайда табу мақсатында қорқыту, кәмелетке толмаған адамға қатысты азаптау, сондай-ақ оны жезөкшелікпен айналысуға тарту. Сот процесіне осы қылмысқа қатысы бар деп танылған 9 күдікті тартылды. Сот мәліметтеріне сәйкес, күдіктілердің кінәсі оқиға орнын, заттар мен құжаттарды қарау хаттамалары, бейнежазбалар, "WhatsApp" хат-хабарлары, банктік шоттардың үзінділері, сараптама қорытындылары және жәбірленушінің айғақтары арқылы дәлелденді. «Прокурор сотталушыларға әртүрлі мерзімде бас бостандығынан айыру жазасын сұрады: үшеуіне – 6,8 жыл, біреуіне – 4,6 жыл, екеуіне – 4 жыл, тағы үшеуіне – 8 жыл. Сот жаза тағайындау кезінде жеңілдететін мән-жайларды, атап айтқанда, төрт сотталушының кәмелетке толмағанын және екі адамның өкініш білдіргенін ескерді. Ауырлататын мән-жайлар анықталмады. Нәтижесінде, кәмелетке толмаған үш бала 6,8 жылға, тағы үш адам 4,8 жылға, қалған үш адам 7,6 жылға бас бостандығынан айырылды», - делінген хабарламада. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ, яғни апелляциялық шағым беру мүмкіндігі бар. Бұл іс қоғамда үлкен резонанс тудырып, кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстардың алдын алу мәселесін тағы бір мәрте күн тәртібіне шығарды.  

Похожие материалы

Қызылордада оқушыны жыныстық құлдықта ұстағандар сотталып кетті · Todayinfo