Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

Қызылордада терроризмді насихаттаған әйел 7 жылға сотталды

Қызылордада 39 жастағы әйел дінаралық араздықты қоздырып , терроризмді насихаттағаны үшін 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, ол деструктивті діни ағымның жақтаушысы болған және TikTok желісінде экстремистік мазмұндағы аудио-видео мат

Автор Мейіржан Әуелханұлы··1 мин чтения
Қызылордада терроризмді насихаттаған әйел 7 жылға сотталды

Қызылордада 39 жастағы әйел дінаралық араздықты қоздырып, терроризмді насихаттағаны үшін 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, ол деструктивті діни ағымның жақтаушысы болған және TikTok желісінде экстремистік мазмұндағы аудио-видео материалдарды жариялап отырған.

Оперативті-іздестіру іс-шаралары кезінде күдікті облыстық ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы мен ҰҚК департаменті қызметкерлерінің қолына түсті.

Оған ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабы (араздық қоздыру) және 256-бабы (терроризмді насихаттау) бойынша айып тағылды. Сараптама қорытындылары негізінде сот әйелді кінәлі деп танып, Қызылорда қалалық соты 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасын кесті.

Похожие материалы

Қызылордада терроризмді насихаттаған әйел 7 жылға сотталды · Todayinfo