Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

Қызылордадағы балабақшада бір жарым жастағы бала қатарласын 25 жерінен тістеп тастады

Қызылорда облысы, Шиелі ауданындағы жекеменшік «Раяна» балабақшасында болған оқиға елді дүр сілкіндірді. Журналист Гүлмира Әбіқай әлеуметтік желіге жариялаған видео мен мәліметтерге сәйкес, 1,5 жастағы бала өзімен қатарлас қызды 25 жерінен тістеп, ауыр дене жарақатын салған,деп х

Автор Айғаным Нариманова··1 мин чтения
Қызылордадағы балабақшада бір жарым жастағы бала қатарласын 25 жерінен тістеп тастады
Қызылорда облысы, Шиелі ауданындағы жекеменшік «Раяна» балабақшасында болған оқиға елді дүр сілкіндірді. Журналист Гүлмира Әбіқай әлеуметтік желіге жариялаған видео мен мәліметтерге сәйкес, 1,5 жастағы бала өзімен қатарлас қызды 25 жерінен тістеп, ауыр дене жарақатын салған,деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі. Жәбір көрген баланың денесінің сау жері қалмаған. Зардап шеккен сәбидің анасы журналистке оқиғаның мән-жайын баяндап берген:
«Бақшада жедел жәрдем шақырылмаған, камера көрсетілмей отыр. Тәрбиешілер тек “бетін тістеп алыпты” деп қана айтты, ал арқасындағы, денесіндегі жараларды біз үйге келген соң бір-ақ көрдік. Бала екі күн бойы қорқып, ұйықтай алмай шықты», – дейді анасы.
Айтуынша, бүлдіршін балабақшаға екінші күні ғана барған. Жәбір көрген баланың анасы аудандық полиция бөліміне арыз жазған, алайда істің соңына жетпей жабылып қалуынан қауіптеніп, Гүлмира Әбіқайға жүгінген. Кейін видеоны өшіруді сұраған. Анықталғандай, отбасы көпбалалы және тұрмыстық жағдайы төмен. Қызылорда облыстық білім басқармасы оқиғаны қатаң бақылауға алғанын және зерделеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлады.
«Шиелі ауданындағы 50 орындық «Раяна» жекеменшік балабақшасындағы жағдайға байланысты зерделеу қорытындысы қосымша хабарланатын болады», – делінген мәлімдемеде.
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Гульмира Абыкай (@gulmir_ktk)

Похожие материалы

Қызылордадағы балабақшада бір жарым жастағы бала қатарласын 25 жерінен тістеп тастады · Todayinfo