Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

Райм мен Ерке Есмахан: Желіде тараған видео жұп туралы пікірлерді қайта жаңғыртты

Танымал әнші Ерке Есмаханның ауыл ішінде есекпен жүрген сәті бейнеленген видео әлеуметтік желілерде кең таралды,деп хабарлайды Todayinfo.kz. Желі қолданушылары бұл бейнебаян әншінің бұрынғы туындысынан алынған болуы мүмкін екенін айтуда. Аталған видео Райм мен Еркенің қарым-қатын

Автор Айғаным Нариманова··1 мин чтения
Райм мен Ерке Есмахан: Желіде тараған видео жұп туралы пікірлерді қайта жаңғыртты
Танымал әнші Ерке Есмаханның ауыл ішінде есекпен жүрген сәті бейнеленген видео әлеуметтік желілерде кең таралды,деп хабарлайды Todayinfo.kz. Желі қолданушылары бұл бейнебаян әншінің бұрынғы туындысынан алынған болуы мүмкін екенін айтуда. Аталған видео Райм мен Еркенің қарым-қатынасы жайлы талқылауды қайта жандандырды. Көпшілік Еркенің бейнедегі киімі мен образын бірнеше жыл бұрын Төреғали Төреәлімен бірге орындаған «Қайда?» әніне түсірілген бейнебаянмен салыстырды. Екі көрініс арасындағы ұқсастық бейнематериалдың сол уақытқа тиесілі екенін меңзеп тұр. Желідегі пікірлердің басым бөлігі Райм мен Ерке арасындағы жас айырмашылыққа қатысты қалдырылған. Мысалы: «Райм бастауыш бітіріп жатқан жыл», «Ең бастысы, Райм мен Ерке мәңгілік бірге бақытты болсын!», «Бастауыш емес, 11-сыныпты бітірген кез деші. Осы клип шыққанда 1-курс студент едім», — деп жазды қолданушылар. Қоғам арасында жиі талқыланатын тақырыптардың бірі – Ерке мен Райм арасындағы жас ерекшелігі. Белгілі болғандай, олардың арасында 12 жас айырмашылық бар. Бұл дерек қос әншінің қарым-қатынасына қатысты пікірлерге себеп болуда.        
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Raim&Erke💘 (@raim_erkesi)

Похожие материалы

Райм мен Ерке Есмахан: Желіде тараған видео жұп туралы пікірлерді қайта жаңғыртты · Todayinfo