Todayinfo.kz
ГлавноеСмотреть все материалы

Референдум күні Түркістанда 107 сәби дүниеге келді

Түркістанда референдум күні қанша сәби дүниеге келді? Бүгін – елімізде жалпыхалықтық референдум өтуде. Айтулы датада, яғни Референдум күні Түркістан облысында 107 нәресте дүниеге келді, - хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі. Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасы ба

Автор Мейіржан Әуелханұлы··2 мин чтения
Референдум күні Түркістанда 107 сәби дүниеге келді
Түркістанда референдум күні қанша сәби дүниеге келді? Бүгін – елімізде жалпыхалықтық референдум өтуде. Айтулы датада, яғни Референдум күні Түркістан облысында 107 нәресте дүниеге келді, - хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі. Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, сәбилердің қатарында ұл балалар көбірек. 6 қазанда Түркістан өңірінде жалпыхалықтық референдум күні 107 бала дүниеге келсе, оның 47-і қыз, 60-s ер балалар. Сонымен қатар, дүние есігін ашқан сәбилердің арасында 1 егіз бар. Ал облыс орталығы Түркістан қаласында 13 әйел босанған болса, оның 9-ы ұл, 5-еуі қыз нәресте. Түркістан облысы елімізде туу көрсеткіші бойынша алғашқы орында тұрған өңір болып саналады. Киелі аймақта 6 ай ішінде 25045 нәресте дүниеге келген. Ал жыл басынан бері дүние есігін ашқан үшемдер саны 7-еуге жетті. Ал осы мерзім аралығында 311 егіз сәби туылған. Айта кетейік, Түркістан облысының тұрғындары АЭС салуға қатысты референдумда белсенділік танытып жатыр. Референдум күні Түркістан облысында 1 млн 180 мыңнан астам дауыс беруге құқылы. Өңірде 17 аудан-қала бойынша 945 референдум учаскесі жұмыс істейді. Барлық 945 референдум учаскесінде 6 433 байқаушы мен 20 мобильді капитан жұмыс істеуде. Барлық учаскелер талапқа сай жабдықталды. Мүгедектігі бар азаматтар үшін арнайы құрылғылар қойылған. Дауыс беру - азаматтардың тұрғылықты жері бойынша референдум учаскелерінде өтеді. Учаскелер 07:00-ден 20:00-ге дейін ашық болады. Азаматтар жеке куәлігін не төлқұжатын көрсету арқылы дауыс бере алады. Дауыс беру нәтижелері 7-12 қазан аралығында жарияланады.

Похожие материалы

Референдум күні Түркістанда 107 сәби дүниеге келді · Todayinfo