«Ресей тұрақты, қауіпсіз, бейбіт және гүлденген Оңтүстік Кавказда мүдделі. Бұл мақсатқа жетудің басты алғышарты – Баку мен Ереван арасындағы көптен күткен татуласу», – деді Захарова бейсенбі күні өткен брифинг барысында.Захарованың сөзінше, 2020 жылы Армения мен Әзербайжан арасындағы қарым-қатынасты қалыпқа келтіру жолындағы маңызды кезең Ресей мен ел президенті Владимир Путиннің тікелей қатысуымен басталған. «Бір сәтте Армения мен Әзербайжан тікелей келіссөздерді таңдады – біз мұндай шешімді құрметтейміз. Өйткені олар өзара келісіп, бір өңірде өмір сүрулері керек. Егер диалогқа қол жеткізсе – бұл маңызды жетістік», – деп қосты СІМ өкілі. Мария Захарова Ресейдің әрдайым қажетті көмекті ұсынуға дайын екенін атап өтті. Мәскеу екі ел арасындағы келіссөздерге қажет болса, арағайын ретінде қолдау көрсетуге әзір.
Ресей Армения мен Әзербайжан арасындағы тікелей диалогты қолдайтынын мәлімдеді
Фото: first media Ресей Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова Армения мен Әзербайжан арасындағы тікелей диалог арқылы қарым-қатынасты реттеу туралы шешімге құрметпен қарайтынын айтты. Оның айтуынша, Мәскеу Оңтүстік Кавказда тұрақтылық пен бейбітшіліктің орнауын қ

Фото: first media
Ресей Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова Армения мен Әзербайжан арасындағы тікелей диалог арқылы қарым-қатынасты реттеу туралы шешімге құрметпен қарайтынын айтты. Оның айтуынша, Мәскеу Оңтүстік Кавказда тұрақтылық пен бейбітшіліктің орнауын қалайды,деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.
Похожие материалы

Новости
Ранние арбузы: стоит ли опасаться нитратов и как выбрать безопасную ягоду?
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Қазақстан мен Украина Киевте бірлескен арнайы операция жүргізді
Айғаным Нариманова·

Новости
Мать убитой студентки из Атырау не смогла узнать, где отбывают наказание осуждённые
Жаннұр Еділбаева·

Новости
В Армении началось голосование на парламентских выборах
Жаннұр Еділбаева·