Ресей әскері Киевті ракетамен атқылап, бейбіт тұрғындарды өлтірді
Бұл туралы “Азаттық радиосы” “Украинская правда” басылымына сілтеме жасап ақпарат таратты. Түнде Киев қана емес Киев облысы да ракетаның шабуылының астында қалған. Тұрғын үй қирап, құтқарушылар үйінді арасынан 4 жасар бала мен оның әкесінің денесін алып шықты. Тағы үш адам ауыр ж

Бұл туралы “Азаттық радиосы” “Украинская правда” басылымына сілтеме жасап ақпарат таратты. Түнде Киев қана емес Киев облысы да ракетаның шабуылының астында қалған. Тұрғын үй қирап, құтқарушылар үйінді арасынан 4 жасар бала мен оның әкесінің денесін алып шықты.
Тағы үш адам ауыр жарақат алған, оның бірі – 13 жастағы қыз бала. Олар ауруханаға жеткізілді.
Харьков облысының Золочев ауылында балалар шығармашылығы үйіне ракета түсіп, өрт шықты деп хабарлады облыстық әскери әкімшілік жетекшісі Олег Синегубов. Зардап шеккендер жоқ.
Ресей Украинаны күн сайын атқылап жатыр. Ресей қорғаныс министрлігі тек әскери нысандарды ғана соққылайтынын айтқан. Ал бейбіт азаматтардың өлімі мен азаматтық инфрақұрылымның қирағаны жайлы ақпаратқа Ресей билігі түсініктеме бермейді.
Похожие материалы

Мир
Румынияда Ресей дроны тұрғын үйге құлап, екі адам зардап шекті
Айғаным Нариманова·

Мир
Орманға жапырақ теруге барған: Үндістанда жолбарыс төрт әйелді талап өлтірді
Айдар Керім·

Мир
США и Иран достигли принципиального соглашения по Ормузскому проливу: NYT
Todayinfo редакциясы·

Мир
Решение по Ирану: Трамп назвал срок возобновления военных действий
Todayinfo редакциясы·