Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

Ресей бұрын террористік ұйым деп келген «Талибан» үкіметін ресми түрде мойындады

Ресей президенті Владимир Путин 2021 жылы билікке келген «Талибан» қозғалысы құрған Ауғанстан Ислам Әмірлігін ресми түрде мойындау туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі. Ресей СІМ басшысының орынбасары Андрей Руденко жаңадан тағайындалған ауған елш

Автор Жаннұр Еділбаева··1 мин чтения
Ресей бұрын террористік ұйым деп келген «Талибан» үкіметін ресми түрде мойындады
Ресей президенті Владимир Путин 2021 жылы билікке келген «Талибан» қозғалысы құрған Ауғанстан Ислам Әмірлігін ресми түрде мойындау туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі. Ресей СІМ басшысының орынбасары Андрей Руденко жаңадан тағайындалған ауған елшісі Гүл Хассан Хассаннан сенім грамотасының көшірмесін қабылдады. Мәскеудегі Ауғанстан елшілігінде Ислам Әмірлігінің туы көтерілді. Ресей СІМ мәліметінше, бұл акт екіжақты ынтымақтастыққа серпін береді. Кабулдағы Ресей елшісі Дмитрий Жирнов бұл қадам Мәскеудің Ауғанстанмен әріптестікке бейілділігін көрсетеді деп атап өтті. Бұған дейін «Талибан» Ресейде тыйым салынған террористік ұйымдар тізімінде болған. Биыл көктемде Жоғарғы сот бұл тыйымды уақытша тоқтатты. Сәуір айында елшілік мәртебесі қайта жаңғыртылып, Ауғанстанның Ресейдегі өкілдігі толық деңгейде жұмыс істей бастады. Reuters агенттігі бұл шешімді «Талибанның» халықаралық оқшауланудан шығуына бағытталған маңызды қадам деп бағалады. АҚШ Ауған активтерін бұғаттап, тәліптер басшылығына санкцияларын сақтап отыр. Фото: ТАСС

Похожие материалы

Ресей бұрын террористік ұйым деп келген «Талибан» үкіметін ресми түрде мойындады · Todayinfo