Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

Ресей «Sputnik Әзербайжан» агенттігі қызметкерлерін босатуға үміт артып отыр

Ресей тарапы Әзербайжанда ұсталған «Sputnik Әзербайжан» агенттігінің қызметкерлерін босату мәселесін тікелей байланыс арқылы шешуге үміттеніп отыр. Бұл туралы Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді, деп хабарлайды Todayinfo. «Біз Әзербайжан тарапымен тікеле

Автор Айғаным Нариманова··1 мин чтения
Ресей «Sputnik Әзербайжан» агенттігі қызметкерлерін босатуға үміт артып отыр

Ресей тарапы Әзербайжанда ұсталған «Sputnik Әзербайжан» агенттігінің қызметкерлерін босату мәселесін тікелей байланыс арқылы шешуге үміттеніп отыр. Бұл туралы Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді, деп хабарлайды Todayinfo.

«Біз Әзербайжан тарапымен тікелей байланыстар арқылы бұл мәселені жуық арада шешіп, оларды босатуға қол жеткіземіз деп үміттенеміз», – деді Песков.

Еске салайық, кеше Әзербайжан Ішкі істер министрлігі ресейлік «Sputnik-Азербайджан» агенттігінің қызметкерлерінің ұсталғаны туралы ақпаратты растаған болатын. Мекеменің Баку қаласындағы кеңсесінде полиция арнайы операция жүргізді.

Ресми мәліметке сәйкес, операция агенттік қызметінің заңсыз қаржыландырылғаны туралы жедел ақпарат негізінде жүзеге асқан. Операция нәтижесінде «Sputnik-Азербайджан» агенттігінің директоры Игорь Картавых пен бас редактор Евгений Белоусов ұсталды.

Похожие материалы

Ресей «Sputnik Әзербайжан» агенттігі қызметкерлерін босатуға үміт артып отыр · Todayinfo