Todayinfo.kz
Новости

Ресейдегі індет Қазақстанға қауіп төндірді: шекарада жаппай вакцинация басталды

Ресейдің Новосібір облысында мал індеті өршуіне байланысты Қазақстан шекаралас аймақтарда жаппай вакцинациялауды бастап кетті.

Автор Мухтар Жексенбаев (журналист)··1 мин чтения
Ресейдегі індет Қазақстанға қауіп төндірді: шекарада жаппай вакцинация басталды

Ресейде мал арасында қауіпті індеттің таралуына байланысты Қазақстан шекаралас облыстарда жануарларды жаппай вакцинациялауды бастады. Алғашқылардың бірі болып Павлодар облысындағы мал басын егу жұмыстары қолға алынды, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.

Бұл туралы вице-премьер Қанат Бозымбаев Парламент кулуарында журналистерге мәлімдеді. Оның айтуынша, Үкімет көрші елдегі эпизоотиялық ахуалды ескере отырып, шұғыл шаралар қабылдауға мәжбүр болған.

"Өткен аптада Ауыл шаруашылығы министрлігі арқылы қажетті препараттарды шұғыл сатып алу туралы қаулы қабылдадық. Өңірдегі барлық мал басы толық егіледі", - деді Қанат Бозымбаев.

Бұған дейін, 16 наурызда Ресейдің Новосібір облысында ірі қара арасында пастереллез бен құтыру ауруларының өршуіне байланысты төтенше жағдай режимі жарияланған болатын. Қазақстанның шекаралас өңірлеріне індеттің таралу қаупін болдырмау үшін осындай алдын алу шаралары іске асырылуда.

Фото: Әлеуметтік желіден

Похожие материалы