Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

Ресейлік порноактрисаның фанаттары: «Ирина Қайратовна» тобы  сынға ұшырады

"Ирина Кайратовна" музыкалық тобының мүшелері ресейлік порноактриса Ева Эльфимен бірге түскен суреттері үшін әлеуметтік желілерде қатаң сынға ұшырады. Көпшіліктің наразылығына себеп болған сурет Астанада өткен PGL Major 2025 халықаралық киберспорт турнирінде түсірілген. Актриса ш

Автор Айғаным Нариманова··1 мин чтения
Ресейлік порноактрисаның фанаттары: «Ирина Қайратовна» тобы  сынға ұшырады
"Ирина Кайратовна" музыкалық тобының мүшелері ресейлік порноактриса Ева Эльфимен бірге түскен суреттері үшін әлеуметтік желілерде қатаң сынға ұшырады. Көпшіліктің наразылығына себеп болған сурет Астанада өткен PGL Major 2025 халықаралық киберспорт турнирінде түсірілген. Актриса шараға құрметті қонақ ретінде шақырылған, деп жазады Todayinfo ақпарттық агенттігі.

Сурет әлеуметтік желілерде жылдам таралып, әсіресе Threads платформасында қызу пікірталас тудырды. Желі қолданушыларының сын назарына топ мүшелерінің бірі Алдияр (Алдик) ілікті. Ол бұрынғы сұхбаттары мен подкасттарда дін және руханият тақырыптарын жиі қозғайтыны үшін «екіжүзділікке» айыпталды.

«Күндіз – имам, кешке – Иван», – деп жазды пікір қалдырушылардың бірі.

Кейбір жанкүйерлер топтың әндерін негізінен жасөспірімдер аудиториясы тыңдайтынын айтып, әрекетке көңілі қалғанын білдірді. Олар мұндай қадамның жастарға теріс үлгі екенін алға тартты.

«ИК! Сіздерден толықтай көңілім қалды. Сіздерді балалар мен миллиондаған жасөспірімдер тыңдайды. Қазақстандық порноактрисамен суретке түсуге болмады ма?», – деп жазды желі қолданушыларының бірі.

Қарапайым бір суреттен басталған талқылау тек топқа бағытталған сынмен шектелмей, қоғамдағы менталитет, әйел бостандығы және қос стандарт тақырыптарына ұласты.

Белгілі актер, режиссер әрі блогер Нұрлан Батыров бұл жағдайға қатысты өз көзқарасын білдіріп, қоғамда қалыптасқан қарама-қайшылықтарды сынға алды:

«Бүгін бір ресейлік актриса туралы оқыдым, ол +18 фильмдерге түскен екен. Жасөспірімдер мен ер адамдар суретке түсіп, қолтаңба алу үшін кезекке тұрыпты. Бізде қыздарды ашық киінгені үшін сынға алады емес пе? Жәбірленушіні “дұрыс киінбеген” деп айыптайтын да – біздің қоғам. Бір ересектерге арналған фильм актрисасы кенеттен пір тұтылатын тұлғаға айналды. Кеше ғана айтылған “ұлттық құндылықтар” мен “тәрбие” қайда кетті? Өзім бұл жанрдың көрерменімін, бірақ насихаттамаймын. Қоғамдағы екіжүзділікті түсіну қиын», – деді ол.

Похожие материалы

Ресейлік порноактрисаның фанаттары: «Ирина Қайратовна» тобы  сынға ұшырады · Todayinfo