Todayinfo.kz
Шоу-бизнесСмотреть все материалы

«Розаның дәурені баяғыда бітті»: Әли Оқапов анасын сынайтындармен алысып әлек (ВИДЕО)

Әнші Әли Оқапов "Кездесу" ютуб арнасына берген сұхбатында анасы Роза Рымбаева туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Todayinfo.kz агенттігі. "Роза Рымбаева - аңыз адам. Қазір сын айтудың қажеті жоқ. Осы жылы оның сахнада жүргеніне 50 жыл болды. Елу жыл бойы нөмірі бірінші әнші. Ол

Автор Айғаным Нариманова··1 мин чтения
«Розаның дәурені баяғыда бітті»: Әли Оқапов анасын сынайтындармен алысып әлек (ВИДЕО)
Әнші Әли Оқапов "Кездесу" ютуб арнасына берген сұхбатында анасы Роза Рымбаева туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Todayinfo.kz агенттігі.
"Роза Рымбаева - аңыз адам. Қазір сын айтудың қажеті жоқ. Осы жылы оның сахнада жүргеніне 50 жыл болды. Елу жыл бойы нөмірі бірінші әнші. Ол - факт. Қанша жас қыздар шықты. Осы қыз Роза Рымбаеваның орнын басады деді. Өкінішке қарай 2-3 жылдан кейін олар жоқ. Ал Роза Рымбаева кез келген үлкен шараның нүктесін қоятын - Роза Рымбаева", - деді ол.
Желі қолданушылары әншінің бұл сөзіне қатысты түрлі пікір жазды.
"Розаның дәурені баяғыда бітті", "Роза Бағланова нөмірі бірінші", "1-Мақпал, 2-Роза", "Мен Роза Рымбаеваны тыңдамаймын", "Шындық, мойындау керек", "Еңбегі ерен, бірақ іштарлық бар", "Мақпалға жететін әнші жоқ", деп жазды көпшілік. 
@kezdesushow Сұхбаттың толық нұсқасын “KEZDESU” ютуб арнасынан көріңіздер! #әлиоқапов #алиокапов #розарымбаева #kezdesu #kezdesushow ♬ оригинальный звук - kezdesu

Похожие материалы

«Розаның дәурені баяғыда бітті»: Әли Оқапов анасын сынайтындармен алысып әлек (ВИДЕО) · Todayinfo