Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

Руслан Берденовтің жары күйеуімен болған оқиғаға қатысты жүрекжарды жазба жариялады

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке жасалған қарулы шабуылдан кейін, оның жары Маржан Смайылова Instagram парақшасында эмоцияға толы жазба жариялады,деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі. «Жүрегімнің қағысын қаттырық естіп тұрмын. Барабан сияқты соғып жат

Автор Айғаным Нариманова··1 мин чтения
Руслан Берденовтің жары күйеуімен болған оқиғаға қатысты жүрекжарды жазба жариялады
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке жасалған қарулы шабуылдан кейін, оның жары Маржан Смайылова Instagram парақшасында эмоцияға толы жазба жариялады,деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.
«Жүрегімнің қағысын қаттырық естіп тұрмын. Барабан сияқты соғып жатыр. Жүрегімнің қалай соғатынын осыған дейін де сезіп, біліп жүрмін ғой. Дегенмен дәл қазір ол кеудемнен шығып кететіндей. Бала кезде естеріңізде ме? Қорыққан кезде жүрек қатты қағатын еді ғой…», – деп жазды Маржан Смайылова.
Оның жазбасынан күйеуіне деген алаңдаушылық пен отбасы алдындағы жауапкершілік ауыртпалығы байқалады. Желі қолданушылары жарының сөзіне қолдау білдіріп, сауығып кетуіне тілек білдіруде. 2025 жылғы 21 сәуір күні кешкі сағат 20:30 шамасында Шымкент әкімдігі ғимаратының жанында Руслан Берденовке қарулы шабуыл жасалған болатын. Шенеунік жамбасы мен иығынан жараланып, ауруханаға жеткізілді. Берденовке 4 сағаттық шұғыл ота жасалды. Қазіргі уақытта дәрігерлер оның жағдайын «тұрақты ауыр» деп бағалап отыр.  

Похожие материалы

Руслан Берденовтің жары күйеуімен болған оқиғаға қатысты жүрекжарды жазба жариялады · Todayinfo