Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

Сәпиев пен Есімханов: Министр чемпиондар арасындағы жанжалға пікір білдірді

Қарағанды облысында дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы, бокстан Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев пен орынбасары Дәурен Есімхановтың төбелесінен кейін тексеріс басталды. Бұл туралы туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов мәлімдеді, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақп

Автор Айғаным Нариманова··1 мин чтения
Сәпиев пен Есімханов: Министр чемпиондар арасындағы жанжалға пікір білдірді
Қарағанды облысында дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы, бокстан Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев пен орынбасары Дәурен Есімхановтың төбелесінен кейін тексеріс басталды. Бұл туралы туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов мәлімдеді, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
«Әкімдікте болған жағдайға байланысты тексерістер басталды. Мемлекеттік істер қызметі де өз бағасын береді. Қазір уәкілетті органдардың жауабын күтіп отырмыз», - деді Мырзабосынов Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында.
Министрдің айтуынша, екі спортшы да мемлекеттік қызметке тағайындалмас бұрын барлық критерийден өткен.
«Серік Сәпиев депутат болған, министрліктің дене шынықтыру және спорт комитетін үш жылдай басқарды, Ұлттық олимпиада комитетінде қызмет атқарған азамат. Елімізде 16 олимпиада жеңімпазы болса, соның біреуі сол кісі және өз туған өлкесіне барып өз тәжірибесімен, өзінің өткен жолымен бөлісуге жіберілген болатын. Ал орынбасары бойынша айтарым, ол да арнайы критерийлер арқылы мемлекеттік қызметке өткен. Спортта да мансабы бар. Жалпы басқарма басшысын да, оның орынбасарын да жергілікті әкімдік тағайындайды», - деді Мырзабосынов.

Похожие материалы

Сәпиев пен Есімханов: Министр чемпиондар арасындағы жанжалға пікір білдірді · Todayinfo