Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

Сәтбаев қаласында әйелге шабуыл жасаған күдікті ұсталды (ВИДЕО)

Сәтбаев қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде болған оқиға жұртшылықты алаңдатты. Белгісіз ер адам подъезге кіріп бара жатқан әйелге күтпеген жерден шабуыл жасап, сыртқа қарай сүйрей жөнелген. Әйел қатты айқай салған соң, көршілер көмекке келіп, күдікті оқиға орнынан қаш

Автор Айғаным Нариманова··1 мин чтения
Сәтбаев қаласында әйелге шабуыл жасаған күдікті ұсталды (ВИДЕО)
Сәтбаев қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде болған оқиға жұртшылықты алаңдатты. Белгісіз ер адам подъезге кіріп бара жатқан әйелге күтпеген жерден шабуыл жасап, сыртқа қарай сүйрей жөнелген. Әйел қатты айқай салған соң, көршілер көмекке келіп, күдікті оқиға орнынан қашып кеткен,деп хабарлайды Todayinfo. Бұл жайт kozachkow Telegram арнасында жарияланған бейнежазбада анық көрінеді. Ұлытау облыстық полиция департаменті аталған оқиға бойынша ресми мәлімдеме жасады.

«Әйел адамға шабуыл жасау фактісі бойынша Сәтбаев қаласының полиция бөлімі қылмыстық іс қозғады. Жедел іздестіру шаралары барысында күдікті анықталып, ұсталды. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды», – делінген полиция таратқан хабарламада.

Полиция өкілдерінің мәліметінше, бұл дерек бойынша барлық қажетті сараптамалар мен тергеу амалдары жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы мен шабуыл себептері анықталып жатыр. Құқық қорғау органдары тұрғындарды сақ болуға және күмәнді жағдайларды дереу полицияға хабарлауға шақырды.

Похожие материалы

Сәтбаев қаласында әйелге шабуыл жасаған күдікті ұсталды (ВИДЕО) · Todayinfo