"Тексеру барысында курстардың ешқандай білім беру құндылығы болмағаны анықталды. Бейнесабақтардың бір бөлігі YouTube сияқты ашық дереккөздерден алынып, заңсыз лотереяны бүркемелеу үшін ғана қолданылған. Сыйлықтар блогерлердің жеке қаражатынан емес, қатысушылардың өз ақшасынан төленген. Сондай-ақ электронды "сәттілік барабаны" көбіне 5 000 теңгелік ұтыс түсетіндей етіп бапталғаны, ал қымбат жүлделерді ұтып алу мүмкіндігі әдейі төмендетілгені белгілі болды", — деп хабарлады Қаржылық мониторинг агенттігі.Сонымен қатар, блогерлер оқырманын көбейту мақсатында ең көп репост жасаған қатысушыға 11-ші көлікті сыйға тартамыз деп уәде берген. Алайда жеңімпаз анықталмай, көлік ешкімге берілмеген. Нәтижесінде олардың бақылауындағы «Zhana Business» ЖШС шотына 247,5 млн теңге түскен. Оның 60 млн теңгесі депозиттерге салынған. Сот шешімімен 10 автокөлік, оның ішінде Lamborghini Urus пен Lexus LX 600, сондай-ақ 17 iPhone телефоны бұғатталды. Қазіргі уақытта күдіктілерге қатысты «үйқамақ» бұлтартпау шарасы тағайындалып, олар іс материалдарымен танысып жатыр. Фотоколлаж: Azattyq Rýhy
Lamborghini Urus, Lexus LX 600, 247 млн теңге: блогер Жанабыловтар сот санкциясымен қамалды
Танымал блогерлер Жанабыловтарға қатысты тергеу аяқталды. Олар онлайн-курс атын жамылып, заңсыз лотерея ұйымдастырған деп айыпталуда.
Автор Мухтар Жексенбаев (журналист)··1 мин чтения

Белгілі блогерлер Ерболат Жанабылов пен Эльмира Төлегеноваға қатысты тергеу аяқталып, іс сотқа жолданды. Ерлі-зайыптылар заңсыз кәсіпкерлікпен айналысты және ақша жылыстатқандары үшін айыпталып отыр, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.
Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, олар Instagram желісіндегі 15 миллионнан астам оқырманының сенімін пайдаланып, заңсыз табыс тапқан. Блогерлер онлайн-курс сатқан, бірақ адамдар оны білім алу үшін емес, қымбат көліктер мен ақшалай сыйлықтар ойнатылатын ұтыс ойынына қатысу үшін сатып алған.
Похожие материалы

Главное
В Акмолинской области задержан подозреваемый в нападении с ножом на бывшего одноклассника
Жаннұр Еділбаева·

Главное
Новая возможность для должников: Министерство юстиции намерено ограничить частных судебных исполнителей
Әмірболат Құсайынұлы·

Главное
Гороскоп на 24 апреля 2026: астрологи обещают хороший день
Әмірболат Құсайынұлы·

Главное
Мифы о списании кредитов – какие долги банки действительно могут «простить»
Жаннұр Еділбаева·