Әуе кемесі жергілікті уақыт бойынша 15:45-те ұшуға тиіс болған. Мақсатты бағыты – Нидерландтағы Лелистад қаласы. Алайда ұшақ ұшу жолағынан көтерілгеннен кейін шамамен 5 метр биіктікке ғана жетіп, кенеттен жерге құлаған. Flightradar сервисінің мәліметінше, ұшақтың жылдамдығы ұшу сәтінде шамамен 200 км/сағ болған.
The Daily Mail басылымы хабарлағандай, қазіргі таңда ұшақ бортында қанша адамның болғаны туралы нақты ақпарат жоқ. Жергілікті Эссекс полициясы оқиға фактісін растады. Құтқару және төтенше жағдайлар қызметтері апат орнына дереу жетіп, оқиғаның мән-жайын анықтауға кірісті.
Апат салдарынан Саутенд әуежайынан ұшуға тиіс болған төрт рейс тоқтатылып, екі ұшақ басқа әуежайларға (Гатвик пен Станстедке) бағытталды. Қазіргі уақытта әуежай жұмысы шектеулі режимде жүзеге асырылып отыр.
Полиция өкілдері жергілікті тұрғындар мен қала қонақтарын апат аймағынан аулақ болуға шақырды. Аймақтағы қозғалыс шектеліп, қауіпсіздік шаралары күшейтілген.
Айта кетейік, бұған дейін Италияның Бергамо қаласындағы әуежайда қайғылы жағдай болған. Airbus A319 ұшағының қозғалтқышына ер адам түсіп кетіп, оқиға орнында көз жұмды. Бұл жағдай ұшақ рулеж кезінде болған. Оқиғадан кейін әуежай уақытша жабылды.
Сағатына 200 шақырым жылдамдықта болған: Лондонда ұшақ апатқа ұшырады (ВИДЕО)
Лондон қаласының шығысындағы Эссекс графтығында орналасқан Саутенд әуежайында 13 шілде күні ірі әуе апаты болды. Ұшып шыққаннан кейін бірнеше секунд өткен соң, Beechcraft King Air B200 типіндегі бизнес-джет әуеге көтерілген бойда апатқа ұшырады, деп хабарлайды Todayinfo. Әуе кеме

Лондон қаласының шығысындағы Эссекс графтығында орналасқан Саутенд әуежайында 13 шілде күні ірі әуе апаты болды. Ұшып шыққаннан кейін бірнеше секунд өткен соң, Beechcraft King Air B200 типіндегі бизнес-джет әуеге көтерілген бойда апатқа ұшырады, деп хабарлайды Todayinfo.
Похожие материалы

Главное
Прокуратура Ақбаян Мұқанғалиеваға жүргізілген психиатриялық сараптаманың қорытындысын жариялады
Айдар Керім·

Главное
Ыстық бұлақтың басына көмген: Шонжыда 29 жастағы жігітті өлтіріп кетті
Айдар Керім·

Главное
Шайдоровтың шырылы : министрлік жалақысыз қалған чемпион жайлы шындықты мойындады (ВИДЕО)
Айдар Керім·

Главное
Шырқыраған Шайдоров: Олимпиада чемпионы жарты жылдай жалақы алмаған
Айдар Керім·