«Сахна азып барады»: Атырау театрындағы қойылым жұрттың жағасын ұстатты
Атырау қаласындағы Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрында сахналанған «Ақ қар жауып тұрғанда» трагикомедиясы әлеуметтік желіде үлкен талқыға түсті, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі. Көрермендер арасында пікірталас тудырған спектакльде актрисаның сахнада шеш

Атырау қаласындағы Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрында сахналанған «Ақ қар жауып тұрғанда» трагикомедиясы әлеуметтік желіде үлкен талқыға түсті, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.
Көрермендер арасында пікірталас тудырған спектакльде актрисаның сахнада шешінуі және шылым шегуі ерекше сынға ұшырады. Бұл көріністер қазақ менталитетіне жат деп саналғандықтан, әлеуметтік желілерде спектакльге қатысты қатты наразылықтар айтылды.
Желі қолданушылары пікірлерінде: «Порнотеатр», «Не тәрбие?»,«+18 театр»,«Сахна азып барады»,
«Бұл театр емес, түнгі клуб» – деп жазып, қойылымды сынға алды.
Бұл жағдай театр мен көрермен арасындағы мәдени көзқарастардың қақтығысын көрсетті. Бір тарап заманауи өнер еркіндігін қолдаса, екінші тарап ұлттық дәстүрге сай келмейтін сахналық көріністерге қарсы шықты.
Мәселе бойынша театр басшылығы мен қойылым режиссері тарапынан ресми пікір күтілуде.
Похожие материалы

Новости
С начала года государственные театры Казахстана посетили свыше 600 тысяч зрителей
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Эколог сағаты: тәжірибе мен игі бастамалар алаңы
Todayinfo редакциясы·

Новости
От домов культуры до современных музеев: масштабная модернизация культурной сферы Казахстана
Жаннұр Еділбаева·