Todayinfo.kz
ОбществоСмотреть все материалы

Сапарға шықпаңыз: Қазақстандағы ірі трассалар жабыла бастады

Қазақстанда ауа райының күрт бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар тасжолдарда қозғалыс шектеліп жатыр. " ҚазАвтоЖол " ұлттық компаниясы жүргізушілерге шұғыл ескерту жасады. Әсіресе, Қызылорда және Ақтөбе облыстарының аумағындағы жағдай күрделі. Мамандар қауіпсіздік мақса

Автор Мейіржан Әуелханұлы··2 мин чтения
Сапарға шықпаңыз: Қазақстандағы ірі трассалар жабыла бастады

Қазақстанда ауа райының күрт бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар тасжолдарда қозғалыс шектеліп жатыр. "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы жүргізушілерге шұғыл ескерту жасады.

Әсіресе, Қызылорда және Ақтөбе облыстарының аумағындағы жағдай күрделі. Мамандар қауіпсіздік мақсатында бірнеше бағытты уақытша жабуға мәжбүр болды.

Қай жерлер жабық?

Бірінші шектеу сағат 17:00-ден бастап күшіне енді. «РФ шекарасы – Ақтөбе – Қызылорда – Шымкент – Алматы – Қорғас» халықаралық дәлізінің ірі бөлігі жабылды.

Нақтырақ айтсақ, Әйтеке би ауылынан бастап Қызылорда қаласына дейінгі аралықта (1474-1806 шақырым) көліктің барлық түріне жүруге тыйым салынды.

Болжам бойынша, бұл жол учаскесі тек 8 желтоқсан күні таңғы сағат 09:00-де ғана ашылуы мүмкін.

Жүк көліктеріне ескерту

Екінші шектеу сағат 17:30-да қойылды. Бұл жолы тыйым жүк көліктері мен қоғамдық транпортқа (автобустарға) қатысты.

Ақтөбе облысындағы «Экойл» жанармай құю бекетінен Қарабұтақ ауылына дейінгі (776-965 шақырым) жол бөлігі жабылды. Мамандардың айтуынша, бұл бағыттағы қозғалыс 7 желтоқсан күні түнгі 23:00 шамасында қалпына келеді деп жоспарлануда.

Жол мамандары алыс сапарға шықпас бұрын ауа райы болжамын тексеріп, көліктің техникалық дайындығына мұқият болуды сұрайды.

Похожие материалы

Сапарға шықпаңыз: Қазақстандағы ірі трассалар жабыла бастады · Todayinfo