Шахматшы Қазыбек Нөгербек әлем чемпионы атанды
Фото: Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы Қазыбек Нөгербек Үндістанның Гандинагар қаласында өткен 20 жасқа дейінгі шахматшылар арасындағы әлем чемпионатында алтын жүлдені жеңіп алды. Ол классикалық шахматтан 11 турдан кейін 8,5 ұпай жинады. Қазір Қазыб

Фото: Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазыбек Нөгербек Үндістанның Гандинагар қаласында өткен 20 жасқа дейінгі шахматшылар арасындағы әлем чемпионатында алтын жүлдені жеңіп алды.
Ол классикалық шахматтан 11 турдан кейін 8,5 ұпай жинады. Қазір Қазыбек Нөгербектің FIDE-дегі рейтингі – 2501.
Нөгербек инновациялық білім беру бағдарламасында шахматтан педагог-жаттықтырушы мамандығы бойынша оқиды. Бұл жеңіс шахматшыға алтын медаль ғана емес, Әлем кубогына жолдама да алып берді.
Шахматшы осыдан екі жыл бұрын Грекияда өткен 18 жасқа дейінгі ойыншылар арасындағы әлем чемпионатында рапид пен блицте чемпион атанған болатын.
Биылғы чемпионатқа 44 мемлекеттен 226 шахматшы қатысты.
Похожие материалы

Новости
Мангистауские мечети могут стать новым объектом Всемирного наследия ЮНЕСКО
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Түркістан облысында ер адам анасын өлтірді деген күдікпен ұсталды
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Алматы – главное гастрономическое направление 2026 года
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Алматы – 2026 жылдың басты гастрономиялық бағыты
Жаннұр Еділбаева·