Алайда 20 жыл өтсе де, тергеу әлі аяқталған жоқ. "Новая газета" басылымының жазуынша, билік жапа шеккендердің іс материалдарымен танысқанын қаламайды, тергеудің аяқталмай жатқанының себебі сол. Тергеу аяқталмайынша, іс материалдары құпия болып қала береді."Президент бізді қолынан келгеннің бәрін жасаймын деп сендірді. Адамдар шындықты білуі үшін, кінәлілер жазасын алуы үшін бәрі жасаймын деді. Ол мұндай жағдай қайталанбас үшін шындық қандай болса да мәлім болғанын қалайтынын айтты" деген еді сол кезде Дудиева.
Шәміл Басаев ойраны: 186 бала,158 ересек қаза тапқан Беслан террактісіне 20 жыл
“Азаттық радиосының” хабарлауынша, 20 жыл бұрын қыркүйектің алғашқы үш күні Бесланда Ресейдің бүгінгі тарихындағы ең ауыр теракт болды. 2004 жылғы 1 қыркүйекте бір топ террорист №1 мектепті басып алды. 1100-ден астам адам кепілге алынды. Олардың арасында оқушылар, ата-аналар және

“Азаттық радиосының” хабарлауынша, 20 жыл бұрын қыркүйектің алғашқы үш күні Бесланда Ресейдің бүгінгі тарихындағы ең ауыр теракт болды. 2004 жылғы 1 қыркүйекте бір топ террорист №1 мектепті басып алды. 1100-ден астам адам кепілге алынды. Олардың арасында оқушылар, ата-аналар және мұғалімдер болды. Қаза тапқандардың туыстары, соның ішінде "Беслан аналары" ұйымы әлі күнге дейін Ресейден болған жағдайды тергеуді талап етіп келеді.
2004 жылғы 1 қыркүйекте Бесландағы №1 мектептің алаңында алғашқы қоңырау шарасы өтіп жатқан. Білім күнінен орай өткен шараға 1200 адам келген. Соның 1128-і кепілге алынды. Көбі – бала. Мектепті басып алуды кейінірек өз мойнына шешеннің дала командирі Шәміл Басаев алды. Шабуылдаушылар Ресей әскерін Шешенстаннан алып кетуді талап етті.
Лаңкестер кепілге алынғандарды мектепте үш күн ұстады. Көбі миналанған спорт залында болды. 3 қыркүйекте құқық қорғау органдары мектепті күшпен алу операциясын бастады. Теракті мен биліктің операциясы кезінде 334 адам қаза тапты. Оның ішінде 186 бала болды. Жарақат алғандар саны 800-ден асты.
Қылмыстық іс 2004 жылғы 1 қыркүйекте қозғалған. 2005 жылы "Беслан аналары" комитетінің жетекшісі Сусанна Дудаева тергеу жайлы сөзінде Владимир Путин теракт құрбандарының туыстарына тергеуді аяқтауға ықпал ететінін айтқан деді.
Похожие материалы

Политика
Қасым-Жомарт Тоқаев Кипр президентін І дәрежелі Достық орденімен марапаттады
Айғаным Нариманова·

Политика
Тоқаев пен Кипр президенті екіжақты ынтымақтастықты кеңейту мәселесін талқылады
Айғаным Нариманова·

Политика
«Мы являемся друзьями, братьями»: Токаев и Путин провели переговоры в Астане
Айдар Керім·

Политика
АЭС құрылысы: Қазақстан мен Ресей стратегиялық келісімге қол қоймақ
Айғаным Нариманова·