Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

Шарлапаев бір күнде екі жұмысынан да айырылды

Фото: gov.kz “Самұрық-Қазына” қоры Қазақстан қор биржасына (KASE) жіберген хабарламаға сәйкес, Қанат Шарлапаев 25 қыркүйекте директорлар кеңесінің құрамынан шығарылған, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Айта кетейік, 25 қыркүйекте Қанат Шарлапаев Қазақстан президенті

Автор Айғаным Нариманова··1 мин чтения
Шарлапаев бір күнде екі жұмысынан да айырылды
Фото: gov.kz “Самұрық-Қазына” қоры Қазақстан қор биржасына (KASE) жіберген хабарламаға сәйкес, Қанат Шарлапаев 25 қыркүйекте директорлар кеңесінің құрамынан шығарылған, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Айта кетейік, 25 қыркүйекте Қанат Шарлапаев Қазақстан президентінің көмекшісі қызметінен де босатылды. Ол бұл лауазымға 2025 жылдың ақпан айының соңында тағайындалған еді. Еске сала кетейік, Қанат Шарлапаев 2023 жылдың қыркүйегінен бастап индустрия және құрылыс министрі болып жұмыс істеді. Бұған дейін ол “Бәйтерек” ұлттық басқарушы холдингі” АҚ басқарма төрағасы әрі директорлар кеңесінің мүшесі болған. Шарлапаев бұрын Ресей Федерациясының азаматты болған. 2022 жылдың күзінде ол ресейлік азаматтығынан шығу туралы өтініш берген. Сондай-ақ 2017 жылы Мәскеуде дүниеге келген Шарлапаевтың қызы да Ресей азаматтығынан шыққан.

Похожие материалы

Шарлапаев бір күнде екі жұмысынан да айырылды · Todayinfo