Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

Шавхат Рахманов Қазақстан азаматтығын өзбекке ауыстырды-UFS

Фото: скриншот www.ufc.com UFC ресми сайтында Шавкат Рахмоновты өзбекстандық деп көрсеткен қате тіркелді. Ол өз сұхбаттарында әрдайым өзін Қазақстан азаматы деп таныстырады. Бұл туралы Todayinfo ақпарат агенттігі хабарлайды. Аралас жекпе-жек (ММА) әлемінің ең беделді ұйымы — UFC

Автор Айғаным Нариманова··1 мин чтения
Шавхат Рахманов Қазақстан азаматтығын өзбекке ауыстырды-UFS
Фото: скриншот www.ufc.com UFC ресми сайтында Шавкат Рахмоновты өзбекстандық деп көрсеткен қате тіркелді. Ол өз сұхбаттарында әрдайым өзін Қазақстан азаматы деп таныстырады. Бұл туралы Todayinfo ақпарат агенттігі хабарлайды. Аралас жекпе-жек (ММА) әлемінің ең беделді ұйымы — UFC ресми сайтында қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновқа қатысты жаңсақ ақпарат жарияланды. UFC-дің соңғы жарияланымында, орта салмақтағы жағдайға қатысты шолу материалында, Шавкат Рахмонов Өзбекстан өкілі ретінде көрсетілген. Мұндай қате оның жекелей профилінде де кездеседі. Шавкат Рахмонов ешқашан азаматтығын өзгертпеген және өзін тек Қазақстанмен байланыстыратынын үнемі атап өтіп келеді. Оның барлық сұхбаттары мен мәлімдемелерінде де осы ұстанымы айқын көрінеді.
«Мен – Қазақстанның азаматымын. Өз елімді мақтан етемін және барлық жеңісімді туған жеріме арнаймын», – деген болатын Рахмонов бұған дейінгі сұхбаттарында.
Бұл жағдай қазақстандық спорт жанкүйерлері арасында резонанс тудырды. Әлеуметтік желіде UFC-ден қателікті түзетуді талап еткен жазбалар тарауда. Алайда UFC басшылығы тарапынан ресми түсініктеме әлі берілген жоқ. Шавкат Рахмонов — UFC-дегі жартылай орта салмақтағы үздік файтерлердің бірі, кәсіби рекорды — 18 жеңіс, 0 жеңіліс. Ол — Қазақстанда дүниеге келген және ел намысын халықаралық аренада табысты қорғап жүрген спортшы.        

Похожие материалы

Шавхат Рахманов Қазақстан азаматтығын өзбекке ауыстырды-UFS · Todayinfo