Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

«Шеберлер шайқасы»: «Жұмысшы мамандықтар жылы» туралы реалити-шоу

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен 2025 жыл «Жұмысшы мамандықтар жылы» болып жарияланды. Бұл – қарапайым еңбек адамдарына көрсетілген зор құрметтің белгісі. Осыған байланысты мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева: «Бұл тарихи шешім – қолымен қала тұрғызып,

Автор Мейіржан Әуелханұлы··1 мин чтения
«Шеберлер шайқасы»:  «Жұмысшы мамандықтар жылы» туралы реалити-шоу

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен 2025 жыл «Жұмысшы мамандықтар жылы» болып жарияланды. Бұл – қарапайым еңбек адамдарына көрсетілген зор құрметтің белгісі.

Осыған байланысты мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева:
«Бұл тарихи шешім – қолымен қала тұрғызып, жол төсеп, жарық пен жылу жеткізіп, өндіріс пен тұрмыстың күретамырын ұстап тұрған еңбек адамдарының еңбегін бағалау. Шын мәнінде, тәуелсіз Қазақстанның бүгінгі бейнесін қалыптастырып, ертеңін нықтайтын қаһармандар – осы жандар», – деді.

Министрдің айтуынша, жаңа маусымда «Хабар» телеарнасы бұрын-соңды болмаған әлеуметтік маңызы зор ірі жобаны – «Шеберлер шайқасы» атты реалити-шоуды көрерменге ұсынбақ. Жоба қазан айында басталып, жыл соңына дейін жалғасады.

Бағдарламаның басты кейіпкерлері – дәнекерлеуші, құрылысшы, электрик, аспаз, өрт сөндіруші секілді түрлі жұмысшы мамандық иелері. Олар зауытта, құрылыс алаңында, шеберханада нақты еңбек процесіне жақындатылған тапсырмаларды орындап, кәсіби білігін, төзімділігін және командалық рухын сынайды.

«Бұл жоба – жай ғана телешоу емес. Мұнда эмоция мен тартыс, шынайы күрес пен адамдық қасиет көрініс табады. Әрбір шығарылым – бір адамның тағдырына арналған деректі оқиға. Жеңімпаздар үшін қомақты жүлде қоры қарастырылған», – деп атап өтті министр.

«Шеберлер шайқасы» – адал еңбек пен шынайы шеберлікті дәріптейтін ұлттық деңгейдегі маңызды бастама болмақ.

Похожие материалы

«Шеберлер шайқасы»: «Жұмысшы мамандықтар жылы» туралы реалити-шоу · Todayinfo