Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

«Чекспірдің кітабында Төле би мен Қазыбек бидің оқиғасы бар екен»: Депутат Ардақ Назаровтың әңгімесі тағы да жұртты күлкіге қарық қылды

Фото: dalanews.kz Мәжіліс депутатының Шекспир туралы айтқан видеосы тарап, тағы да күлкіге қалды, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. ”Біреудің үйіне кірсем, міндетті түрде оның шкафын көремін. Шкафында қандай кітаптар барын қараймын. Кеңсеге барсам, шкафта қандай кіта

Автор Айғаным Нариманова··1 мин чтения
«Чекспірдің кітабында Төле би мен Қазыбек бидің оқиғасы бар екен»: Депутат Ардақ Назаровтың әңгімесі тағы да жұртты күлкіге қарық қылды
Фото: dalanews.kz Мәжіліс депутатының Шекспир туралы айтқан видеосы тарап, тағы да күлкіге қалды, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
”Біреудің үйіне кірсем, міндетті түрде оның шкафын көремін. Шкафында қандай кітаптар барын қараймын. Кеңсеге барсам, шкафта қандай кітаптар тұр деп бақылаймын. Мен қонақ болып барған үйімнің дүниесіне, жиһазына қарамаймын. Қандай кітап тұрғанын, қандай кітап оқитынын қараймын. Өйткені, кітап байлық. Шекспир айтқан екен “ Кітап мен үшін тақтан да артық” деген екен. Мен сол кітапты ақтарып отырсам, Төле би мен Қазыбек бидің оқиғасы бар екен. Ана әңгімені оқып шалқамнан құладым”, — деді Ардақ Назаров.
Естеріңізге сала кетейік, әлемге әйгілі Уильям Шекспир 1616 жылы өмірден өтсе, ал Төле би 1663 жылы, Қазыбек Би болса 1667 жылы өмірге келген.

Похожие материалы

«Чекспірдің кітабында Төле би мен Қазыбек бидің оқиғасы бар екен»: Депутат Ардақ Назаровтың әңгімесі тағы да жұртты күлкіге қарық қылды · Todayinfo