Шерзат ісі: келесі сот отырысының мерзімі белгілі болды
Судья Ерлан Жанұзақовтың мәлімдемесіне сүйенсек, сот процесіне қатысушылардың толық тізімі жарияланды және келесі сот отырысының мерзімі белгіленді, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат порталы. Сотталушылар мен олардың қорғаушылары, жәбірленушілердің заңды өкілдері м

Судья Ерлан Жанұзақовтың мәлімдемесіне сүйенсек, сот процесіне қатысушылардың толық тізімі жарияланды және келесі сот отырысының мерзімі белгіленді, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат порталы.
Сотталушылар мен олардың қорғаушылары, жәбірленушілердің заңды өкілдері мен адвокаттары ашық түрде аталды. Бас сот талқылауы 2025 жылдың 17 сәуірінде Жетісу облысының мамандандырылған ауданаралық сотының ғимаратында ашық форматта және қазақ тілінде өтеді.
Қылмыстық іс ауқымды тергеуден өткен: 40 сот сараптамасы жүргізіліп, 200-ге жуық куәгерден жауап алынған, ал істің материалдары 62 томды құрайды. Бұл істің күрделілігі мен қоғамдық резонанс тудырғанын көрсетеді.
Оқиғаның бастауы былтыр, яғни 2024 жылдың қазан айында Талғар қаласында болған төбелеске барып тіреледі. Төбелес нәтижесінде 16 жастағы Шерзат Полат қаза тапқан, ал кейіннен оның отбасының үйі өртеніп кеткен. Полиция бұл оқиғаны бөтеннің мүлкін қасақана жою ретінде тіркеп, қосымша іс қозғаған.
Похожие материалы

Главное
Прокуратура Ақбаян Мұқанғалиеваға жүргізілген психиатриялық сараптаманың қорытындысын жариялады
Айдар Керім·

Главное
Ыстық бұлақтың басына көмген: Шонжыда 29 жастағы жігітті өлтіріп кетті
Айдар Керім·

Главное
Шайдоровтың шырылы : министрлік жалақысыз қалған чемпион жайлы шындықты мойындады (ВИДЕО)
Айдар Керім·

Главное
Шырқыраған Шайдоров: Олимпиада чемпионы жарты жылдай жалақы алмаған
Айдар Керім·