Шерзат Полат ісі бойынша сот кезінде ажал туралы айтылып жатқан сәтте жер сілкінді
Талдықорған қаласында өтіп жатқан Шерзат Полаттың өліміне қатысты кезекті сот отырысы күтпеген жағдаймен жалғасты – дәл сот барысы кезінде жер сілкінісі тіркелді. Бұл сәтте жәбірленуші тараптың адвокаттары тәуелсіз сарапшы Тахир Халимназаровқа сұрақ қойып жатқан болатын,еп хабарл

Талдықорған қаласында өтіп жатқан Шерзат Полаттың өліміне қатысты кезекті сот отырысы күтпеген жағдаймен жалғасты – дәл сот барысы кезінде жер сілкінісі тіркелді. Бұл сәтте жәбірленуші тараптың адвокаттары тәуелсіз сарапшы Тахир Халимназаровқа сұрақ қойып жатқан болатын,еп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі
Сот залында жер сілкінісінің дүмпуі сезілгенде, қатысушылар арасында біраз дүрбелең байқалды. Судья тараптарды сабырға шақырып:
«Тыныш, тыныш, тоқтасын сосын шығамыз», – деп залды тыныштандырмақ болды.
Алайда жәбірленуші тараптың адвокаты әзіл-шыны аралас:
«Қазақтар, бісміллә деп отыра береді, әрі қарай жалғастырайық», – деп залдағыларды күлдірді.
Содан кейін судья үзіліс жариялап, қатысушыларды сыртқа шығарды.
Айта кетейік, дәл осы сәтте сотта Шерзат Полаттың өліміне себеп болған жарақаттар туралы сөз қозғалып жатқан. Сарапшылар ажалдың нақты себебін талқылап отырған болатын.
Похожие материалы

Новости
Мать убитой студентки из Атырау не смогла узнать, где отбывают наказание осуждённые
Жаннұр Еділбаева·

Новости
В Армении началось голосование на парламентских выборах
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Астанадан 48 шақырым жерде жаңа әуежай салу ұсынылды
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Қазақстанға Пржевальский жылқыларының тағы бір тобы жеткізілді
Жаннұр Еділбаева·